Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Ұйымдасқан қылмысқа және терроризмге қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы 1999 жылғы 6 қазанда Тегеран қаласында жасалған келісім бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Ұйымдасқан қылмысқа және терроризмге қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім Кіріспе
Бұдан әрі "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі,
екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды назарға ала отырып,
ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге қарсы күрес саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудің зор маңызы бар екендігіне көз жеткізе отырып,
егемендік принципі мен өзара мүдделерді назарға ала отырып,
мемлекеттер арасындағы осы саладағы ынтымақтастықты жүзеге асырудың маңызын жете түсіне отырып,
Уағдаласушы Тараптардың егеменді құқықтарын, аумақтық тұтастығын және ұлттық заңдарын құрметтей отырып,
қолданылып жүрген халықаралық қағидалары және осы Келісімнің ережелерін назарға ала отырып,
және Уағдаласушы Тараптардың өзара мүдделері мен олардың арасындағы ынтымақтастық жасауға деген тілегінің, сондай-ақ әрбір Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңдарының қайшы келмеуінің негізінде,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар ұйымдасқан қылмысқа және терроризмге қарсы күрес саласында осындай қылмыстарға қарсы іс-қимыл жасау және олардың алдын алу үшін ақпаратпен алмасады және төмендегі салаларда ынтымақтастық жасайтын болады:
а) ұйымдасқан қылмысқа және терроризмге қарсы күрес саласындағы қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және тергеу жөнінде шаралар қабылдау;
б) құжаттарды, бағалы қағаздарды қолдан жасауға және оларды заңсыз сатуға, экономикалық қылмыстарға және ақшаны "тазартуға" қарсы күрес;
в) қару-жарақтың, оқ-дәрінің және жарылғыш заттардың контрабандасына қарсы күрес;
г) компьютерлік қылмыстарға қарсы күрес;
д) тауарлар мен мәдени құндылықтардың және басқа да заттардың контрабандасына қарсы күрес.
2-бап
Терроризмді болдырмау мақсатында Уағдаласушы Тараптар өз ұлттық заңдарына сәйкес террористік актілер, олардың түрлері мен нысандары туралы, сондай-ақ екі мемлекеттің әрқайсысына қарсы террористік актілер жасайтын топтар туралы ақпаратпен алмасатын болады.
3-бап
Уағдаласушы Тараптар ұйымдасқан қылмысқа және терроризмге, қылмыстардың осындай түрлері мен олардың ұйымдары үшін жауапты адамдар мен топтарға қатысты қолданылатын шаралар туралы ақпарат алмасады, сондай-ақ мынадай ынтымақтастықты жүзеге асыруға тиіс:
а) ұйымдасқан қылмысқа және терроризмге байланысы бар адамдар мен топтарды анықтау;
б) қылмыстардың жасалынған уақыты, орны, тәсілі және әдісі туралы, сондай-ақ оларды болдырмау жөніндегі қажетті шаралар туралы ақпарат мен тәжірибе алмасу;
в) ұйымдасқан қылмысқа және терроризмге қарсы күресуде өзара ынтымақтастықты кеңейту үшін сарапшылармен және мамандармен алмасу;
г) қылмыстың алдын алу жөнінде бірлескен жұмыс топтарын құру және алмасу, сондай-ақ криминология саласындағы ғылыми зерттеулермен алмасу.
4-бап
Уағдаласушы Тараптар қылмыс жасаған, қамауға алынған және сотталған адамдар мен топтар туралы, сондай-ақ қамаудан қашып кеткен және екінші мемлекеттің аумағында жасырынып жүрген адамдар туралы ақпаратпен алмасатын болады.
5-бап
Ұйымдасқан қылмысқа және терроризмге қарсы күрес саласындағы екі жақты ынтымақтастықты іске асыру үшін, осы Келісімді орындауды жетілдіру, жұмыс бағдарламаларын реттеу және осы Келісімге өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда Уағдаласушы Тараптар әрбір Уағдаласушы Тараптан Ішкі істер министрліктерінен және Уағдаласушы Тараптардың басқа да құзыретті органдарынан мамандардың теңдей санынан тұратын Бірлескен комиссияны құруға келісті, сондай-ақ жыл сайын және алма-кезек әрбір Уағдаласушы Тараптың аумағында сессиялар өткізетін болады.
6-бап
Осы Келісімге сәйкес қамтамасыз етілетін ақпарат пен құжаттар құпия
сақталады және олармен қамтамасыз ететін Тарап белгілейтін мақсаттарға сай пайдаланылатын болады. Мұндай құжаттар мен ақпарат олармен қамтамасыз ететін Тараптың күнібұрынғы жазбаша келісімінсіз үшінші Тарапқа берілмейді. 7-бап Осы Келісімді түсіндіруге қатысты даулар туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар оларды келіссөздер, консультациялар және басқа да бейбіт құралдар жолымен шешеді. 8-бап Осы Келісімнің орындалуы үшін жауапты құзыретті органдар болып табылатындар: Қазақстан Республикасы үшін: Ішкі істер министрлігі Иран Ислам Республикасы үшін: Ішкі істер министрлігі 9-бап
Осы Келісім бес жыл кезеңге жасалады және оның күшіне енуі үшін қажетті рәсімдердің өз заңдарына сәйкес орындалғаны туралы бір Уағдаласушы Тараптан екінші Уағдаласушы Тарапқа соңғы жазбаша хабарлама түскен күннен бастап күшіне енеді.
Осы Келісімнің қолданысы Уағдаласушы Тараптардың бірі осы Келісімнің қолданысын тоқтататыны туралы екінші Тарапқа алты ай бұрын жазбаша түрде хабарланғанға дейін бес жылдық мерзімге өздігінен ұзартылады.
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Мұндай өзгерістер мен толықтырулар осы Келісімнің күшіне енуі үшін көзделген рәсімге сәйкес күшіне енетін болады.
Тегеранда күн сәулелі Қыжраның 1378/14/07, бұл еуропалық күнтізбе
бойынша 1999 жылғы 6 қазанға сәйкес келеді, тоғыз бапта, әрқайсысы қазақ, парсы, орыс және ағылшын тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің мәтінін түсіндіруде пікір алшақтығы туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады. Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.