Ұйымдардың кредиторлық берешегін өтеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 21 желтоқсан N 1953

      "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Заңының Z980318_ 5-1-бабына және "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 P990569_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Кредиторлық берешекті өтеуге байланысты мәселелерді қарау жөніндегі комиссия мақұлдаған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) берушілер алдындағы жалпы сомасы 269 819 928 (екі жүз алпыс тоғыз миллион сегіз жүз он тоғыз мың тоғыз жүз жиырма сегіз) теңгелік, оның ішінде:
      Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бойынша 6 039 700 (алты миллион отыз тоғыз мың жеті жүз) теңге сомасындағы;
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі бойынша 3 302 400 (үш миллион үш жүз екі мың төрт жүз) теңге сомасындағы;
      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бойынша 130 204 079 (жүз отыз миллион екі жүз төрт мың жетпіс тоғыз) теңге сомасындағы;
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бойынша 8 050 100 (сегіз миллион елу мың бір жүз) теңге сомасындағы;
      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі бойынша 74 788 957 (жетпіс төрт миллион жеті жүз сексен сегіз мың тоғыз жүз елу жеті) теңге сомасындағы;
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі бойынша 37 712 300 (отыз жеті миллион жеті жүз он екі мың үш жүз) теңге сомасындағы;
      Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі бойынша 6 159 192 (алты миллион жүз елу тоғыз мың жүз тоқсан екі) теңге сомасындағы;
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бойынша 2 573 200 (екі миллион бес жүз жетпіс үш мың екі жүз) теңге сомасындағы;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бойынша 990 000 (тоғыз жүз тоқсан мың) теңге сомасындағы кредиторлық берешекті шаруашылық жүргізуші субъектілердің республикалық бюджетке төленетін төлемдері бойынша берешегін өтеу есебінен өтеу туралы мемлекеттік органдардың ұсыныстарына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі жоғарыда көрсетілген кредиторлық берешекті "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 P990569_ қаулысымен бекітілген тәртіппен өтеу бойынша есептеме

 

жүргізуді қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Е.А.Өтембаевқа жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Қасымбеков Б.А.





О погашении кредиторской задолженности организаций

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 1999 года N 1953

      В соответствии со статьей 5-1 Закона Республики Казахстан от 16 декабря 1998 года Z980318_ "О республиканском бюджете на 1999 год" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 мая 1999 года N 569 P990569_ "О мерах по организации погашения кредиторской задолженности" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Согласиться с предложениями государственных органов о погашении кредиторской задолженности, одобренными Комиссией по рассмотрению вопросов, связанных с погашением кредиторской задолженности, на общую сумму 269 819 928 (двести шестьдесят девять миллионов восемьсот девятнадцать тысяч девятьсот двадцать восемь) тенге перед поставщиками товаров (работ, услуг) за счет погашения задолженности хозяйствующих субъектов по платежам в республиканский бюджет, в том числе:
      по Генеральной Прокуратуре Республики Казахстан на сумму 6 039 700 (шесть миллионов тридцать девять тысяч семьсот) тенге;
      по Министерству государственных доходов Республики Казахстан на сумму 3 302 400 (три миллиона триста две тысячи четыреста) тенге;
      по Министерству внутренних дел Республики Казахстан на сумму 130 204 079 (сто тридцать миллионов двести четыре тысячи семьдесят девять) тенге;
      по Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан на сумму 8 050 100 (восемь миллионов пятьдесят тысяч сто) тенге;
      по Министерству науки и высшего образования на сумму 74 788 957 (семьдесят четыре миллиона семьсот восемьдесят восемь тысяч девятьсот пятьдесят семь) тенге;
      по Министерству здравоохранения, образования и спорта Республики Казахстан на сумму 37 712 300 (тридцать семь миллионов семьсот двенадцать тысяч триста) тенге;
      по Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан всего на сумму 6 159 192 (шесть миллионов сто пятьдесят девять тысяч сто девяносто два) тенге;
      по Министерству юстиции Республики Казахстан на сумму 2 573 200 (два миллиона пятьсот семьдесят три тысячи двести) тенге;
      по Министерству финансов Республики Казахстан на сумму 990 000 (девятьсот девяносто тысяч) тенге.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан и Министерству государственных доходов Республики Казахстан обеспечить проведение расчетов по погашению вышеуказанной кредиторской задолженности в порядке, утвержденном постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 мая 1999 года N 569 P990569_ "О мерах по организации погашения кредиторской задолженности".
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан Утембаева Е.А.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 

     Премьер-Министр

  Республики Казахстан    



(Специалисты: Склярова И.В.,

              Цай Л.Г.)