Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігіне берілген Түрік несие желісі шеңберінде тартылған мемлекеттік емес сыртқы заемдарға қызмет көрсетуге республикалық бюджеттен қаражат бөлінуіне жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Негізгі борыш бойынша мерзімі өткен берешекті капиталдандыру және өтеу мерзімін жеті жылға ұзарту жолымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігіне берілген Түрік несие желісі шеңберінде тартылған мемлекеттік емес сыртқы заемдарды қайта құрылымдау туралы "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының ұсынысы назарға алынсын.
2. Республикасының Қаржы министрлігі және "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы (келісім бойынша) Turk Ехiмbаnк-пен барлық қажетті құжаттарды ресімдеу жолымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігіне берілген Түрік несие желісі шеңберінде тартылған мемлекеттік емес сыртқы заемдарды қайта құрылымдауды жүргізсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Түрік несие желісі шеңберінде тартылған мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша Қазақстан Республикасының бұрын берілген мемлекеттік кепілдіктерін қажетті қайта ресімдеуді жүргізсін.
4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Turk Ехiмbаnк-не қайта ресімделген құжаттар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігінің Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес келуі туралы заңдық қорытынды ұсынсын.
5. "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамына бір ай мерзім ішінде борышты қайта құрылымдауды ескере отырып, түрік несие желісі бойынша түпкілікті заем алушылармен несие келісімін қайта ресімдеу ұсынылсын.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.