Сидней қаласындағы (Австралия) ХХVII Олимпиадалық ойындарда (бұдан әрi - ХХVII Олимпиадалық ойындар) қызмет көрсететiн Төрешiлер комиссиясының мәжiлiсiн және бокс бойынша АIВА төрешiлер семинарын Алматы қаласында дайындау және өткiзу мақсатында:
1. АIВА Дүниежүзiлiк әуесқойлық бокс қауымдастығының атқарушы комитетiнiң ХХVII Олимпиадалық ойындарда қызмет көрсететiн Төрешiлер комиссиясының мәжiлiсi мен АIВА төрешiлерi семинарын 2000 жылғы 17-27 маусымда Алматы қаласында өткiзу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. ХХVII Олимпиадалық ойындарда қызмет көрсететiн Төрешiлер комиссиясының мәжiлiсi мен бокс бойынша АIВА төрешiлерiнiң семинарын дайындау және өткiзу жөнiндегi жұмыс тобы құрылсын және оның құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ХХVII Олимпиадалық ойындарда қызмет көрсететiн Төрешiлер комиссиясының мәжiлiсi мен АIВА төрешiлерiнiң семинарын өткiзудi қаржыландыру туралы мәселенi қарасын және тиiстi ұсыныстар енгiзсiн.
4. Алматы қаласының әкiмi белгiленген тәртiппен Төрешiлер комиссиясының мәжiлiсi мен АIВА төрешiлерi семинарының жұмысы үшiн тиiстi жағдайды ұйымдастыру жөнiндегі қажеттi шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Төрешiлер комиссиясының мәжiлiсi мен АIВА төрешiлерiнiң семинары өтетiн және оған қатысушылар тұратын жерлерде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi
белгiленген тәртiппен Төрешiлер комиссиясының мәжiлiсi мен АIВА
төрешiлерiнiң семинарына қатысушыларды уақытылы жөнелтудi қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм
министрлiгi белгiленген тәртiппен Төрешiлер комиссиясының мәжiлiсi мен
АIВА төрешiлерi семинары жұмысының бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен
жария етiлуiн қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2000 жылғы 24 мамырдағы
N 82-ө өкімімен бекiтілген
Сидней қаласындағы (Австралия) ХХVII Олимпиадалық ойындарда қызмет
көрсететiн Төрешiлер комиссиясының мәжiлiсi мен бокс бойынша АIВА
төрешiлерi семинарын Алматы қаласында дайындау және өткiзу жөнiндегі
жұмыс тобының құрамы
Павлов Александр Сергеевич - Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрiнiң бiрiншi орынбасары,
жетекші
Тұрлыханов Дәулет Болатұлы - Қазақстан Республикасының Туризм
және спорт жөнiндегі агенттігiнiң
төрағасы, жетекшiнiң орынбасары
Ақпаев Аманша Сейсенұлы - Ұлттық Олимпиадалық комитетінің
президентi (келiсiм бойынша)
Балғымбаев Нұрлан Өтепұлы - Бокс федерациясының президентi
(келiсiм бойынша)
Биманбетов Бақытбек Тәжiбайұлы - Қазақстан Республикасының Туризм
және спорт жөнiндегi агенттігі
төрағасының бiрiншi орынбасары
Махмұтов Бекет Сапабекұлы - АIВА бiрiншi вице-президенті
(келiсiм бойынша)
Коржова Наталья Артемовна - Қазақстан Республикасының Қаржы
вице-министрi
Көкбаев Құлақсу Yбәтайұлы - Қазақстан Республикасының Туризм
және спорт жөнiндегі агенттігiнiң
олимпиадалық спорт түрлерi
бөлiмiнiң бастығы
Қасымбеков Ермек Қасымбекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрi Кеңсесiнiң аумақтық даму
және әлеуметтік сала бөлiмiнiң
консультанты
Храпунов Виктор Вячеславович - Алматы қаласының әкімі
Цхвирашвили Борис Семенович - Бокс федерациясының бас хатшысы
(келiсiм бойынша)
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Икебаева Ә.Ж.