Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 2000 жылғы 15 желтоқсан N 138-р

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 U000507_ Жарлығын (бұдан әрі - Жарлық) іске асыру мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі (бұдан әрі - қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органдар) қолданылып жүрген заңнамаға K941000_ сәйкес қайта ұйымдастыру рәсімдерін жүргізуді қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қаржы министрлігі, Әділет министрлігі бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген тәртіппен негізгі функциялары мен өкілеттіктері таратылған тиісті агенттіктердің функциялары мен өкілеттіктерін көздейтін комитеттерді құру туралы қаулылар жобаларын енгізсін.
      3. Қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Әділет министрлігі бір апталық мерзімде өздерінің орталық аппараттарының, ведомстволары мен аумақтық органдарының штат санының лимиттері P991433_ жөніндегі ұсыныстарын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне енгізсін.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) екі апталық мерзімде осы өкімнің 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық органдарының штат саны лимиттерін бекіту туралы қаулы жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) үш апталық мерзімде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Жарлықтың 3-тармағының 3) тармақшасын іске асыру жөніндегі ұсыныстарын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      5. Қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан

 

Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қаржы министрлігі және Әділет

министрлігі белгіленген тәртіппен:

     1) екі апталық мерзімде тиісті мемлекеттік органдар туралы ережелерді

бекіту туралы қаулылар жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметіне

енгізсін;

     2) үш апталық мерзімде қолданылып жүрген нормативтік кесімдерді

Жарлықпен сәйкес келтіру жөніндегі ұсыныстарын Қазақстан Республикасының

Үкіметіне енгізсін;

     3) Жарлықты іске асыру үшін қажетті өзге де шараларды қабылдасын.

     6. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.


     Премьер-Министр


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 13 декабря 2000 года N 507

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 15 декабря 2000 года N 138-р

      В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 13 декабря 2000 года N 507 U000507_ "О реорганизации, упразднении и образовании отдельных государственных органов Республики Казахстан" (далее - Указ):
      1. Министерству экономики, Министерству энергетики, индустрии и торговли, Министерству природных ресурсов и охраны окружающей среды Республики Казахстан (далее - реорганизованные государственные органы) обеспечить проведение реорганизационных процедур в соответствии с действующим законодательством.
      2. Министерству иностранных дел, Министерству финансов, Министерству юстиции Республики Казахстан в недельный срок внести в установленном порядке в Правительство Республики Казахстан проекты постановлений о создании комитетов, основными функциями и полномочиями которых предусмотреть функции и полномочия соответствующих упраздненных агентств.
      3. Реорганизованным государственным органам, а также Министерству иностранных дел и Министерству юстиции Республики Казахстан в недельный срок внести предложения по лимитам штатной численности своих центральных аппаратов, ведомств и территориальных органов в Министерство финансов Республики Казахстан.
      4. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном порядке:
      1) в двухнедельный срок внести в Правительство Республики Казахстан проект постановления об утверждении лимитов штатной численности государственных органов, указанных в пункте 3 настоящего распоряжения, их ведомств и территориальных органов;
      2) совместно с заинтересованными государственными органами в трехнедельный срок внести в Правительство Республики Казахстан предложения по реализации подпункта 3) пункта 3 Указа.
      5. Реорганизованным государственным органам, а также Министерству иностранных дел, Министерству финансов и Министерству юстиции Республики Казахстан в установленном порядке:
      1) в двухнедельный срок внести в Правительство Республики Казахстан

 

проекты постановлений об утверждении положений о соответствующих

государственных органах;

     2) в трехнедельный срок внести в Правительство Республики Казахстан

предложения по приведению действующих нормативных актов в соответствие с

Указом;

     3) принять иные меры, необходимые для реализации Указа.

     6. Контроль за исполнением настоящего распоряжения возложить на

Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан.


               Премьер-Министр

             Республики Казахстан


(Специалисты: Склярова И.В.,

              Мартина Н.А.)