"Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдарды ұсынудың кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2000 жылғы 9 ақпандағы N 20
өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдарды ұсынудың кестесінде:
реттік нөмірі 1, 75-2-жолдардағы 3-бағандағы "МКМ Салық полициясы комитеті мен", "МКМ Салық полициясы комитеті және" деген сөздер тиісінше "Қаржы полициясы агенттігі мен МКМ", "Қаржы полициясы агенттігі және МКМ" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2, 7, 17, 37, 38, 42, 45, 60, 61, 72, 76-жолдардағы 4-бағандағы "және әлеуметтік сала" деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 7-жолдағы 3-бағандағы "Энергетика, индустрия және саудамині" деген сөздер "ЭМРМ" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 7, 17, 34, 37, 38, 40, 42, 45, 55, 60, 61, 62, 63, 76-жолдардағы 4-бағандағы "Өндірістік бөлім" деген сөздер "Өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімі" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 11-жолдағы:
3-бағандағы "7" деген сан "20" деген санмен ауыстырылсын;
4-бағандағы "10" деген сан "23" деген санмен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 17, 45, 75-3, 75-6-жолдардағы 3-бағандағы "Экономмині" деген сөз "Экономсаудамині" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 17, 37, 45, 76-жолдардағы 4-баған мынадай сөздермен толықтырылсын: "Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі";
реттік нөмірі 30-жолдағы 2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру көлемі туралы ақпарат";
реттік нөмірі 31-жолдағы 2-баған мынадай редакцияда жазылсын: "Екінші деңгейдегі банктердің Халықтық Банк бойынша ақпаратты бөліп көрсете отырып, халықтың қаражатын салымдарға тартуы туралы ақпарат";
реттік нөмірі 36, 39, 50-жолдардағы 4-баған мынадай редакцияда жазылсын: "Аймақтық даму бөлімі және Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі";
реттік нөмірі 37-жолдағы 3-баған мынадай редакцияда жазылсын: "тоқсан аяқталғаннан кейінгі айдың 15-күні, Еңбекмині және Монополиябизнесагенттігі";
реттік нөмірі 38-жолдағы:
2-бағандағы "(облыстар тұрғысында)" деген сөздер "(экономика секторлары бойынша және аймақтық бөліністе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-баған мынадай редакцияда жазылсын: "келесі айдың 23-күні, Ұлттықбанк (келісім бойынша)";
реттік нөмірі 39, 41, 66, 67-жолдардағы 4-бағандағы "Аймақтық даму және әлеуметтік сала бөлімі" деген сөздер "Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 42-жолдағы 3-бағандағы "Энергетика, индустрия және саудамині" деген сөздер "Экономсаудамині" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 43-жолдағы 3-бағандағы "Ұлттық зейнетақы агенттігі" деген сөздер "Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 58-жолдағы 3-баған мынадай редакцияда жазылсын: "Тоқсан сайын, Алдын-ала деректер есепті тоқсаннан кейін 30-күн (талдамалы ұсыну). Есепті деректер есепті кезеңнен кейін 90-күн (талдамалы және стандартты ұсыну), Ұлттықбанк (келісім бойынша)";
реттік нөмірі 59-жолдағы 4-баған мынадай редакцияда жазылсын: "Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі және Аймақтық даму бөлімі";
реттік нөмірі 60-жолдағы 3-баған мынадай редакцияда жазылсын: "тоқсан аяқталғаннан кейінгі айдың 20-күні, СІМ-нің Инвестициялар жөніндегі комитеті";
реттік нөмірі 61-жолдағы 3-бағандағы "Инвестициялар жөніндегі агенттік", "Табиғатқорғаумині" деген сөздер "ЭМРМ" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 62, 63-жолдардағы 3-баған мынадай редакцияда жазылсын: "есепті жылдың 10-тамызында және келесі жылдың 10-ақпанында, Қаржымині";
реттік нөмірі 65-жолдағы 3-баған мынадай редакцияда жазылсын: "есепті жылдың 20-шілдесінде және келесі жылдың 20-ақпанында, Мемматрезерв жөніндегі агенттігі";
кестеге қосымшада:
реттік нөмірі 18-жолдағы:
2-бағандағы "Мемматрезервтер жөніндегі комитеті" деген сөздер "Мемматрезерв жөніндегі агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-баған мынадай редакцияда жазылсын: "есепті жылдың 20-шілдесінде және келесі жылдың 20-ақпанында, Мемматрезерв жөніндегі агенттігі";
ІІІ бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Бағалы қағаздар рыногының жағдайы туралы ақпарат";
реттік нөмірі 22 және 23-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 27 және 28-жолдардағы 2-бағандағы "(құпия) деген сөз алынып тасталсын;
реттік нөмірі 31-3-жолдағы 3-бағандағы "Экономикаминіне", "ЭкМ" деген сөздер "Экономсаудамині" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 31-6-жолдағы 3-бағандағы "Экономикамині" деген сөз "Экономсаудамині" деген сөзбен ауыстырылсын.
Премьер-Министр