Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу мақсатында:
1. Мынадай құрамда ведомствоаралық жұмыс тобы құрылсын:
Бәйменов Әлихан Мұхамедияұлы - Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі, жетекші
Бахмутова Елена Леонидовна - Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау вице-министрі,
жетекшінің орынбасары
Жұмыс тобының мүшелері:
Беспалинов Тілеуғазы Айтқазыұлы - Қазақстан Республикасының
Экономика және сауда
министрлігі Аймақтық,
әлеуметтік саясат және
бағдарламалар департаментінің
Аймақтық және әлеуметтік
саясат басқармасы бастығының
орынбасары
Ким Виссарион Валериевич - Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі Мемлекеттік
бюджет департаменті Бюджеттік
саясат басқармасының бастығы
Колышпаева Нина Григорьевна - Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
жөніндегі агенттігі
Стратегиялық жоспарлау
және бақылау департаментінің
экономикалық өсу стратегиясы
бөлімі бастығының міндетін
атқарушы (келісім бойынша)
Кравченко Иван Михайлович - Қазақстан Республикасы Жұмыс
берушілер конфедерациясының
өкілі, "Беккер" бірлескен
кәсіпорнының бас директоры
(келісім бойынша)
Құрманов Алмас Мұхамедкәрімұлы - "Зейнетақы төлеу жөніндегі
мемлекеттік орталық"
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының
директоры (келісім бойынша)
Құрманов Жанат Бостанұлы - Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі Сақтандыруды
қадағалау департаменті
директорының орынбасары
(келісім бойынша)
Мұқашев Марат Жомартбекұлы - Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Заңнама
департаменті заң жобалары
басқармасы Заң жобаларын
сараптау бөлімінің бастығы
міндетін атқарушы
Райханова Қатипа Әділжанқызы - Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрлігі
Заң департаменті директорының
орынбасары
Хамзин Рүстем Назымбекұлы - Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі Әлеуметтік
саясат департаментінің
директоры
2. Ведомствоаралық жұмыс тобы 2001 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде тиісті заңнамалық кесімдердің жобаларын әзірлесін.
Премьер-Министр