Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды одан әрі жетілдіру, оны дамытудың негізгі бағыттарын айқындау мақсатында:
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі белгіленген тәртіппен:
Қазақстан Республикасының Экономика және сауда, Әділет министрліктерімен бірлесіп, 2002 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде Тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды жетілдірудің 2002-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
Қазақстан Республикасының Әділет, Экономика және сауда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерімен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2002 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде "Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелерін
реттейтін кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлесін және Қазақстан
Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Ескерту. 3-абзац өзгерді - ҚР Премьер-Министрінің 2002.01.14. N 1
өкімімен.
Премьер-Министр
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.