Cудьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өтуінің үлгі бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты төрағасының өкімі 2001 жылғы 23 тамыз N 299

                             І. Жалпы ережелер
      1.1. Үлгі бағдарлама "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Z000132_ конституциялық заңға, судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өтуі туралы ережеге U010643_ сәйкес әзірленген және машықтанушы-кандидаттың аудандық және оған теңестірілген соттағы жұмысының ерекшелігін зерделеуге, судья қызметінде жұмыс істеу үшін қажетті практикалық және ұйымдастырушылық дағды алуға бағытталған.
      1.2. Тағылымдамадан өту машықтанушы-кандидаттың судья қызметіне орналасу үшін кәсіптік әзірлігінің деңгейі ескеріле, әрбір бөлімшеде тағылымдамадан өтудің уақыты көрсетіле отырып, осы үлгі бағдарламаның негізінде әзірленген жеке жоспар бойынша жүзеге асырылады.
      1.3. Тағылымдамадан өтуге Судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өтуі туралы ереженің U010643_ 6-тармағының талаптарына жауап беретін барлық адамдар жіберіледі. Сол уақытта машықтанушы-кандидаттардың санының көбейіп кету себебіне байланысты тұлғаның тағылымдамадан өтуінен бас тартуға болмайды.
      1.4. Жалпы отырыс, ерекше жағдайларда, бұрын судья қызметінде бір жылдан астам немесе соттардың қызметімен тікелей байланысты мемлекеттік органдарда үш жылдан астам жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ құқық саласында ғылыми дәрежесі мен атағы бар аудандық және жоғары тұрған соттардың судьялығына кандидаттарға тағылымдаманың белгіленген мерзімі аяқталғанға

дейін оң қорытынды беруге хақылы.
     Тиісті қорытындыны алу үшін осы тұлғалар облыстық және оған 
теңестірілген соттың төрағасына тікелей жүгінеді, ол 10 күннен кешіктірмей 
олардың материалдарын жалпы отырыстың қарауына енгізеді.

            ІІ. Аудандық сотта іс қағаздарын жүргізуде қажетті 
                           практикалық дағды алу

     2.1. Тағылымдамадан өту кезінде машықтанушы-кандидат сот кеңсесінде 
мына:
     - сот кеңсесі қызметкерлерінің арасында негізгі міндеттерді бөлу;
     - азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
     - азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қабылдау, тіркеу және есепке 
алу;
     - келіп түсетін қылмыстық және азаматтық істерді, әкімшілік 
материалдарды тіркеу және одан әрі жылжыту;
     - шағымдар мен өтініштерді қарау;
     - іс номенклатурасын әзірлеу;
     - кітаптарды есепке алу және нарядтар журналдарын жүргізу тәртібі;
     - бастапқы статистикалық есептер мен анықтамаларды әзірлеу;
     - аяқталған істерді мұрағатқа өткізуге дайындау тәртібі мәселелерін 
зерделейді.
     2.2. Сот отырысы хатшысының жұмысымен танысу кезінде:
     - істерді сот талқылауына дайындау;
     - сот отырысының хаттамасын жүргізу;
     - алдын ала тыңдаудан және басты сот талқылауынан кейін қылмыстық 
істерді ресімдеу, сондай-ақ азаматтық және қылмыстық істерді олар 
қаралғаннан кейін ресімдеу;
     - аппеляциялық сатыға жіберу үшін сот істерін дайындау;
     - заңды күшіне енген сот шешімдері және шұғыл орындауға жататын 
шешімдер бойынша құжаттарды дайындау және орындауға жіберу мәселелерін 
зерделейді.
     2.3. Мұрағат жұмысын ұйымдастырумен танысу кезінде:
     - істерді қалыптастыру және оларды кейін сақтауға дайындау;
     - ұдайы және уақытша сақталатын құжаттарды іріктеу мәселелерін 
зерделейді.

               ІІІ. Әр түрлі санаттағы істерді зерделеу және 
                    соттың қарауына дайындау әдістемесін игеру
     
     3.1. Судьяның сот істері мен материалдарын қарау жөніндегі жұмысымен 
танысу кезінде машықтанушы-кандидат:
     1) азаматтық істер бойынша:
     - азаматтық істерді сот талқылауына дайындауды;
     - арыздарды ресімдеуге қойылатын талаптарды; 
     - азаматтық істердің жекелеген санаттарын (отбасылық, тұрғын үй, 
еңбек, шаруашылық даулары және т.б.) шешу үшін қажетті құжаттар тізбесін 
анықтау әдістемесін, оларды алдыру тәртібін;
     - мемлекеттік баж туралы нормативтік актілерді;
     - судьяның істі сот талқылауына дайындау жөніндегі іс-әрекеттерін 
ұйымдастыруын, олардың іс жүргізушілік ресімделуін;
     2) қылмыстық істер бойынша:
     - істі алдын ала тыңдау тағайындалған мәселелерді;
     - істі алдын ала тыңдауды өткізуді ұйымдастыруды;
     - сот отырысына шақырылуға жататын адамдар шеңберін дұрыс анықтауды;
     - басты сот талқылауын тағайындауды, басты сот талқылауын өткізу 
тәртібін;
     - көрінісі көп күрделі істер бойынша сот тергеуі жоспарын дайындау 
жөнінде дағдылануды;
     - іс бойынша шешім қабылдау кезінде талқылауға жататын мәселелерді;
     - жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша және медициналық сипаттағы 
мәжбүрлеу шараларын қолдану бойынша істерді қараудың ерекшеліктерін;
     3) әкімшілік істер бойынша:
     - әкімшілік материалдарды қарауды және ресімдеуді, әкімшілік істер 
бойынша қаулылардың орындалу тәртібін;
     - әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша заңды күшіне енген немесе 
енбеген қаулыларды қайта қараудың тәртібін зерделейді.

          ІV. Істерді қарауға қатысу және іс жүргізу құжаттарының 
                            жобаларын дайындау 

     4.1. Машықтанушы тағылымдама жетекшісінің нұсқауы бойынша қылмыстық, 
азаматтық және әкімшілік істерді қарау кезінде қатысып отыруға және сот 
актілерінің жобаларын дайындауға тиіс.
     1) Қылмыстық істер бойынша:
     а) - іс бойынша өндірісті тоқтата тұру туралы;
     - істі алдын ала тыңдауды тағайындау туралы;
     - істі алдын ала тыңдаудың нәтижелері туралы;
     - істі талқылауды кейінге қалдыру туралы;
     - істі қосымша тергеуге жіберу туралы;
     - сараптаманы және т.б. тағайындау туралы;
     - істі қысқарту туралы қаулылардың жобаларын;
     б) - айыптау;
     - ақтау;
     - жаза тағайындау және оны өтеуден босату үкімдерін;
     - ұрлық жөніндегі істер бойынша үкімдерді;
     - жаза тағайындамай айыптау үкімін;
     - кәмелетке толмағандар жасаған істер бойынша;
     - тонау туралы істер бойынша;
     - дене жарақатын түсіру және басқа да істер бойынша үкімдерді;
     2) азаматтық істер бойынша:
     а) - істің сол соттың қарауына жатпауына байланысты арызды 
қабылдаудан бас тарту туралы;
     - талап арызды қозғалыссыз қалдыру туралы;
     - істі сот талқылауына дайындау туралы;
     - істі сот талқылауына дайындау сатысында қараусыз қалдыру туралы;
     - сот тапсырмасын жіберу туралы;
     - дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы;
     - кассациялық шағымды беру мерзімін қалпына келтіру туралы;
     - сот отырысының хаттамасына ескертпелерді қарау туралы қаулылардың 
жобаларын;
     б) - жұмысқа қайта орналастыру туралы талапты қанағаттандыру туралы, 
амалсыздан бос жүрген уақыты үшін еңбекақы мен моральдық зиян өтемақысын 
өндіру туралы;
     - қызметкердің кәсіпорынға, мекемеге, ұйымға келтірген материалдық 
залалды өтеуі туралы;    
     - некені бұзу туралы;
     - басқа үй-жай бермей тұрғын үйден шығару туралы;
     - азаматты әрекет қабілеті жоқ деп тану туралы;
     - нотариалдық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы шағымды 
қанағаттандыру туралы және т.б. шешімдерді;
     3) әкімшілік істер бойынша:
     - әкімшілік жаза беру туралы;
     - іс бойынша өндірісті қысқарту туралы;
     - айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату туралы және т.б. 
қаулыларды;
     4) қылмыстық және азаматтық істер бойынша жеке қаулыларды;
     5) қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот отырысының хаттамаларын 
дайындауға тиіс.
     
                V. Өз бетімен жүргізілетін теориялық әзірлік
     
     5.1. Машықтанушы-кандидат:
     - материалдық және іс жүргізу заңнамаларының нормаларын;
     - соттың үкімдерінің, шешімдері мен қаулыларының бұзылу және өзгеру 
себептерін;
     - қаралған істер бойынша шешімдер мен үкімдерді бұзу және өзгерту 
туралы қаулылардың жобаларының дайындалуын;
     - Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жүйелеуді 
жүргізу әдістемесін;
     - жеке қаулыларды шығару практикасын және олардың орындалуын 
бақылауды;
     - сот практикасын қорыту мен талдаудың әдістемесін және сот 
практикасының жекелеген мәселелерін қорытуды;
     - сот жұмысының жоспарларын, оларды әзірлеу және жоспарлы 
тапсырмалардың орындалуын бақылау әдістемесін;


      - сот істерін аппеляциялық және қадағалау тәртібімен қарауға дайындаумен бірге жоғары тұрған сотта жұмыстың ұйымдастырылуын;
      - 1998 жылғы 30 маусымдағы Z980253_ "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын зерделей білуге;
      - ұйымдастыру техникасын пайдалана білуге;
      - Судья әдебінің кодексін және судьяның ұжымдағы және азаматтармен өзара қарым-қатынасының негіздерін игеруге тиіс.
      5.2. Машықтанушы-кандидат құжаттардың жобаларын тағылымдаманың

жетекшісіне ұсынады, ол кандидат-машықтанушымен бірге оның құжаттарды 
мазмұндау стиліне және құжаттарды дайындауға қатысты елеулі мән-жайларға 
назар аудара отырып, ондағы тұжырымдарды және олардың іс материалдарынан  
қалай туындайтынын талдап, шешімге келеді.
     
                VІ. Тағылымдаманың қорытындыларын шығару

     6.1. Тағылымдама кезінде машықтанушы тағылымдама күнделігін жүргізеді.
     6.2. Машықтанушы-кандидат тағылымдаманың барысы туралы соттың жедел 
кеңестерінде ұдайы тыңдалып отырады.
     6.3. Тағылымдама аяқталғаннан кейін машықтанушы қорытынды есеп 
ұсынады, онда:
     - тағылымдамадан өтудің орны, оның  мерзімдері мен одан өтудің реті 
туралы жалпы мәліметтер;
     - тағылымдама жоспары бойынша орындалған жұмыстардың сипаты;
     - өз бетімен практикалық жұмыс кезінде алған машығы;
     - аудандық соттың жұмысын жетілдіру жөніндегі ескертпелер мен 
ұсыныстар болуға тиіс.


      6.4. Есепке кандидаттың тағылымдама кезінде өзі дайындаған, машықтанушы мен тағылымдамаға жетекшілік еткен адам қол қойған іс жүргізу құжаттары мен өзге де құжаттардың үлгілері және машықтанушының күнделігі қоса тіркелуге тиіс.
      6.5. Аудандық сот төрағасының машықтанушы-кандидаттың есебін жалпы

отырыстың қарауына енгізуі тағылымдама аяқталғаннан кейін 10 күн өткен соң 
жүзеге асырылады.
     6.6. Облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысы 1,5 жыл бойы 
жарамды, одан кейін судья қызметіне тағайындалмаған кандидат бір айдың 
ішінде қысқартылған бағдарлама бойынша тағылымдамадан қайта өтуі қажет.    
 
                           ТАҒЫЛЫМДАМА КҮНДЕЛІГІ

     Машықтанушының
     тегі, аты, әкесінің аты ________________________________________
     Қызметі ________________________________________________________
     Жұмыс орны _____________________________________________________
     Тағылымдамадан
     өткен жері _____________________________________________________
     Тағылымдамадан
     өткен уақыты ___________________________________________________
     Тағылымдама жетекшісі __________________________________________
      _______________________________________________________________
       Күні |     Орындалған    |      Ұсыныстар    |   Жетекшінің
            |     жұмыстардың   |   мен ескертпелер |      қолы
            |   қысқаша мазмұны |                   |
      ______|___________________|___________________|________________
      ______|___________________|___________________|________________
      ______|___________________|___________________|________________
      ______|___________________|___________________|________________ 
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      


Типовая Программа прохождения стажировки кандидатов в судьи

Распоряжение Председателя Верховного Суда Республики Казахстан от 23 августа 2001 года N 299

 

 Утверждена распоряжением         
Председателя Верховного Суда РК  
от 23 августа 2001 года N 299    

 
I. Общие положения  

 
      1.1. Типовая программа разработана в соответствии с Конституционным  законом  Республики Казахстан "О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан",  Положением  о прохождении стажировки кандидатами в судьи и направлена на изучение стажером-кандидатом специфики работы в районном и приравненном к нему суде, приобретение необходимых практических и организаторских навыков для работы в должности судьи. 
      1.2. Прохождение стажировки осуществляется по индивидуальному плану, разрабатываемому на базе данной типовой программы, с учетом уровня профессиональной подготовленности стажера-кандидата для занятия должности судьи, с указанием времени прохождения стажировки в каждом подразделении, который утверждается председателем районного или приравненного к нему суда. 
      1.3. К прохождению стажировки допускаются все без исключения лица, отвечающие требованиям пункта 6  Положения  о прохождении стажировки кандидатом в судьи. Лицу не может быть отказано в прохождении стажировки по мотиву произведенного к этому времени набора большого количества стажеров-кандидатов. 
      1.4. Пленарное заседание в исключительных случаях вправе давать положительное заключение до истечения установленного срока стажировки кандидатам в судьи районных и вышестоящих судов, имевшим ранее опыт работы в должности судьи более одного года или свыше трех лет в государственных органах, непосредственно связанных с деятельностью судов, а также имеющим ученые степени и звания в отрасли права. 
      Для получения соответствующего заключения эти лица обращаются непосредственно к председателю областного и приравненного к нему суда, который не позднее 10 дней вносит их материалы на рассмотрение пленарного заседания. 

II. Приобретение необходимых практических навыков
в ведении делопроизводства в районном суде

      2.1. В период прохождения стажировки стажер-кандидат изучает в канцелярии суда следующие вопросы:
      - распределение основных обязанностей между работниками канцелярии суда;
      - организацию приема граждан;
      - порядок приема, регистрации и учета заявлений и жалоб граждан;
      - регистрацию и дальнейшее движение поступающих уголовных и гражданских дел, административных материалов;
      - разрешение жалоб и обращений;
      - составление номенклатуры дел;
      - порядок ведения книг, журналов учета и нарядов;
      - составление первичной статистической отчетности и справок;
      - порядок подготовки оконченных дел к сдаче в архив.
      2.2. При ознакомлении с работой секретаря судебного заседания:
      - подготовку дел к судебному разбирательству;
      - ведение протокола судебного заседания;
      - оформление уголовных дел после предварительного слушания и главного судебного разбирательства, а также оформление гражданских и административных дел после их рассмотрения;
      - подготовку судебных дел для направления в апелляционную инстанцию;
      - подготовку и направление документов на исполнение по вступившим в законную силу судебных решений и по решениям, подлежащим немедленному исполнению.
      2.3. При ознакомлении с организацией архивной работы:
      - формирование дел и подготовка их к последующему хранению;
      - отбор документов постоянного и временного хранения.

III. Освоение методики изучения и подготовки
к судебному рассмотрению различных категорий дел

      3.1. При ознакомлении с работой судьи по рассмотрению судебных дел и материалов стажер-кандидат изучает:
      1) По гражданским делам:
      - подготовку гражданских дел к судебному разбирательству;
      - требования, предъявляемые к оформлению заявлений;
      - методику определения перечня документов, необходимых для разрешения отдельных категорий гражданских дел (семейных, жилищных, трудовых, хозяйственных споров и др.), порядок их истребования;
      - нормативные акты о государственной пошлине;
      - организацию действий судьи по подготовке дела к судебному разбирательству, их процессуальное оформление.
      2) По уголовным делам:
      - вопросы, по которым назначается предварительное слушание дела;
      - организацию проведения предварительного слушания дела;
      - правильное определение круга лиц, подлежащих вызову в судебное заседание;
      - назначение главного судебного разбирательства, порядок проведения главного судебного разбирательства;
      - приобретение навыков в подготовке плана судебного следствия по сложным многоэпизодным делам;
      - вопросы, подлежащие обсуждению при принятии решения по делу;
      - особенности рассмотрения дел по вновь открывшимся обстоятельствам и по применению принудительных мер медицинского характера.
      3) По административным делам:
      - рассмотрение и оформление административных материалов, порядок исполнения постановлений по административным делам;
      - порядок пересмотра вступивших и не вступивших в законную силу постановлений по делам об административных правонарушениях.

IV. Участие в рассмотрении дел и подготовка
проектов процессуальных документов

      4.1. Стажер должен присутствовать по указанию руководителя стажировки при рассмотрении уголовных, гражданских и административных дел и подготовить проекты судебных актов:
      1) По уголовным делам:
      а) проекты постановлений:
      - о приостановлении производства по делу;
      - о назначении предварительного слушания дела;
      - по результатам предварительного слушания дела;
      - об отложении разбирательства дела;
      - о направлении дела для дополнительного расследования;
      - о назначении экспертиз и др.;
      - о прекращении дела;
      б) приговоров: 
      - обвинительного;
      - оправдательного;
      - обвинительного приговора с назначением наказания и освобождения от его отбывания;
      - по делам о хищении;
      - обвинительного приговора без назначения наказания;
      - по делам о преступлениях, совершенных несовершеннолетними;
      - по делам о грабеже;
      - по делам о причинении телесных повреждений и др.
      2) По гражданским делам:
      а) проекты постановлений:
      - об отказе в принятии заявления в связи с неподсудностью дела данному суду;
      - об оставлении искового заявления без движения;
      - о подготовке дела к судебному разбирательству;
      - об оставлении заявления без рассмотрения в стадии подготовки дела к судебному разбирательству;
      - о направлении судебного поручения;
      - об обеспечении доказательств;
      - о восстановлении срока на подачу кассационной жалобы;
      - о рассмотрении замечаний на протокол судебного заседания и др.;
      б) решений:
      - об удовлетворении иска о восстановлении на работе, о взыскании заработной платы за время вынужденного прогула и компенсации морального вреда;
      - о возмещении материального ущерба, причиненного работниками предприятию, учреждению, организации;
      - о расторжении брака;
      - о выселении без предоставления другого жилого помещения;
      - о признании гражданина недееспособным;
      - об удовлетворении жалобы на отказ в совершении нотариальных действий и др.
      3) Постановлений по административным делам:
      - о наложении административного взыскания;
      - о прекращении производства по делу;
      - о принудительном исполнении постановления о наложении штрафа и др.
      4) Частных постановлений по уголовным и гражданским делам.
      5) Протокола судебного заседания по уголовным и гражданским делам.

V. Самостоятельная теоретическая подготовка

      5.1 Стажер-кандидат должен изучить:
      - нормы материального и процессуального законодательств;
      - причины отмены и изменения приговоров, решений и постановлений суда;
      - подготовку проектов постановлений об отмене и изменении решений и приговоров по рассмотренным делам;
      - методику ведения систематизации нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      - практику вынесения частных постановлений и контроль за их исполнением;
      - методику обобщения и анализа судебной практики и обобщение отдельных вопросов судебной практики;
      - планы работы суда, методику их составления и контроля за выполнением плановых заданий;
      - организацию работы в вышестоящем суде, с подготовкой судебных дел к рассмотрению в апелляционном и надзорном порядке;
      -  Закон  Республики Казахстан "Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей" от 30.06.98.;
      - уметь пользоваться оргтехникой;
      - освоить Кодекс судейской этики и основы профессиональных взаимоотношений судьи в коллективе и с гражданами. 
      5.2. Стажер-кандидат представляет проекты документов на рассмотрение руководителя стажировки, который совместно с ним их анализирует, решает, правильно ли в них сделаны выводы и вытекают ли они из материалов дела, обращая внимание стажера-кандидата на стиль изложения документов и существенные обстоятельства, касающиеся создания документов. 

 
VI. Подведение итогов стажировки  

 
      6.1. Во время стажировки стажером ведется Дневник стажировки. 
      6.2. Стажер-кандидат регулярно заслушивается о ходе стажировки на оперативном совещании суда. 
      6.3. По окончании стажировки стажером представляется итоговый отчет, который должен содержать: 
      - общие сведения о месте прохождения стажировки, сроках и последовательности ее прохождения; 
      - характер выполненных работ по плану стажировки; 
      - приобретенные навыки практической самостоятельной работы; 
      - замечания и предложения по совершенствованию работы районного суда; 
      - предложения по организации и проведению стажировки. 
      6.4. К отчету должны быть приложены образцы процессуальных и иных документов, лично составленных кандидатом за время стажировки, подписанные стажером и руководителем стажировки и дневник стажировки. 
      6.5. Внесение председателем районного суда на рассмотрение пленарного заседания отчета стажера-кандидата осуществляется в течение 10 дней после окончания стажировки.
      6.6. Положительное заключение пленарного заседания областного суда действительно в течение 1,5 лет, после которого кандидату, не назначенному на должность судьи, необходимо вновь пройти стажировку в течение месяца по сокращенной программе.

 

                            Дневник стажировки

     

Ф.И.О. стажера ___________________________________________________________
Должность ________________________________________________________________
Место работы _____________________________________________________________
Место прохождения стажировки _____________________________________________
Время прохождения стажировки _____________________________________________
Руководитель стажировки __________________________________________________
__________________________________________________________________________

Дата| Краткое содержание | Предложения и замечания | Подпись руководителя|
    | выполненных работ  |                         |                     |
____|____________________|_________________________|_____________________|
    |                    |                         |                     |
____|____________________|_________________________|_____________________|
    |                    |                         |                     |
____|____________________|_________________________|_____________________|