1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгінiң және Күрестiң қауымдасқан түрлерiнiң халықаралық федерациясы бюросының 2003 жылғы 25-26 қазанда Алматы қаласында грек-рим күресiнен командалық Әлем кубогын (бұдан әрi - Әлем кубогы) өткiзу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қоса берiлiп отырған Әлем кубогына дайындық және оны өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi мен Алматы қаласының әкiмi Қазақстан Республикасының Күрес федерациясымен бiрлесiп, Әлем кубогына дайындықты және оны Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайында өткiзудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Iшкі істер министрлiгi қатысушылар мен ресми адамдар тұратын және жарыстар өтетiн Жерлерде қоғамдық тәртiптің сақталуын, олардың қауiпсiздiгiн, Әлем кубогына қатысушы шетелдiк азаматтардың Алматы қаласының қонақ үйлерiнде тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Әлем кубогына дайындық және оны өткiзу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жария етудi қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Әлем Кубогына қатысушыларды көлiк қызметiмен қамтамасыз етуге жәрдем көрсетсiн.
7. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi берген тiзiм бойынша Әлем кубогына қатысушылар мен ресми адамдардың келу және кету құжаттарын ресiмдеуге жәрдем көрсетсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2003 жылғы 27 наурыздағы
N 41 өкімімен
бекiтiлген
Грек-рим күресiнен командалық Әлем Кубогына дайындық
және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетiнiң
құрамы
Тұрлыханов - Қазақстан Республикасы Туризм
Дәулет Болатұлы және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң
төрағасы, төраға
Мурзин - Алматы қаласы әкiмiнiң
Алмат Зарлықұлы орынбасары, төрағаның орынбасары
Әбенов - Қазақстан Республикасы
Сұлтан Мүрашұлы Премьер-Министрiнiң кеңесшiсi
Рябченко - Қазақстан Республикасының
Олег Григорьевич Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келiсiм бiрiншi вице-министрi
Лавриненко - Қазақстан Республикасының Көлiк
Юрий Иванович және коммуникациялар бiрiншi
вице-министрi
Отто - Қазақстан Республикасының Iшкi
Иван Иванович iстер вице-министрi
Қуанышев - Қазақстан Республикасының
Дулат Оразбекұлы Сыртқы iстер вице-министрi
Тәжiбай - Қазақстан Республикасы Туризм
Бақытбек және спорт жөніндегі агенттігi
төрағасының бiрiншi орынбасары
Қасенов - Қазақстан Республикасы
Болат Төлешұлы Күрес федерациясының вице-президенті
(келiсiм бойынша)
Төкеев - Қазақстан Республикасының Туризм
Серiк Адамұлы және спорт жөніндегі агенттiгі
Ұлттық штаттық командалардың
және спорт резервi дирекциясының
басшысы
Нуров - "Қазспортқамтамасызету" ашық
Наиль Фаридович акционерлік қоғамының президенті
(келiсiм бойынша)
Көкбаев - Қазақстан Республикасы Туризм
Құлақсу Yбәтайұлы және спорт жөніндегі агенттiгiнiң
Жоғары жетiстiктер спорты және
спорт резервi басқармасы бастығының
орынбасары
Захарин - Балуан Шолақ атындағы спорт және
Юрий Кузьмич мәдениет сарайының директоры
(келiсiм бойынша)
Волоха - Қазақстан Республикасы Күрес
Анатолий Иванович Федерациясының бас хатшысы
(келiсiм бойынша)