Қазақстан Республикасында Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөнiндегі кеңесiнiң 15-мәжілiсiн өткiзуге байланысты:
Қазақстан Pecпубликасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Pecпубликасының Денсаулық сақтау министрлiгiне Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөнiндегі кеңесi мүшелерінің 2003 жылғы шiлденiң 1-нен 3-не дейiн Астана қаласы мен Бурабай кентіндe тұруына 2003 жылға арналған республикалық бюджетте 042 "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 1 342 720 (бip миллион үш жүз қырық екi мың жетi жүз жиырма) теңге сомасында қаражат бөлсiн.
Премьеp-Министр