1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң және республикалық Триатлон федерациясының 2003 жылғы 16-20 шiлдеде Ақмола облысының Бурабай кентiнде триатлоннан Азия Кубогының (бұдан әрi - Азия Кубогы) кезеңiн өткiзу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қоса беріліп отырған Азия Кубогына дайындық және оны өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi мен Ақмола облысының әкiмi Триатлон федерациясымен келiсiм бойынша, Азия Кубогына дайындық және оны Ақмола облысының Бурабай кентiнде өткiзудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi қатысушылар мен ресми адамдар тұратын және жарыстар өтетiн жерлерде қоғамдық тәртiптiң сақталуын, олардың қауiпсiздiгiн, Азия Кубогына қатысушы шетелдiк азаматтардың Ақмола облысы Бурабай кентi мен Щучье қаласының қонақ үйлерiнде тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Азия Кубогына дайындық және оның өткiзiлу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жария етудi қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Ақмола облысының Бурабай кентiндегi Азия Кубогы баспасөз орталықтарының халықаралық телефон байланысымен және Интернетке қол жеткiзуiн қамтамасыз етсiн, олардың болатын жерлерiнде Азия Кубогына қатысушыларды көлiк қызметiмен қамтамасыз етуге жәрдем көрсетсiн.
7. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi берген тiзiм бойынша Азия Кубогына қатысушылар мен ресми адамдардың келу және кету құжаттарын ресiмдеуге жәрдем көрсетсiн.
8. Азия Кубогына дайындық және оны өткiзу жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру 2003 жылға арналған республикалық бюджетте осы iс-шаралардың орындалуына жауапты тиiстi мемлекеттiк мекемелерге-бағдарламалардың әкiмшiлерiне көзделетiн қаражат шегiнде жүзеге асырылсын.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2003 жылғы 7 шілдедегі
N 140 өкiмiмен
бекітілген
Триатлоннан Азия Кубогының кезеңiне дайындық және
оны өткiзу жөніндегі ұйымдастыру комитетiнiң
құрамы
Кулагин - Ақмола облысының әкiмi, Қазақстан
Сергей Витальевич Республикасы Триатлон федерациясының
құрметтi президентi, төраға
Қанағатов - Қазақстан Республикасы Туризм
Елсияр Баймұхаметұлы және спорт жөнiндегi агенттiгi
төрағасының орынбасары, төрағаның
орынбасары
Әкiмов - Ақмола облысы Щучье
Рашит Қайыржанұлы ауданының әкімi, төрағаның орынбасары
Мурзин - Көкшетау қаласы әкiмiнiң
Айдар Хамзаұлы орынбасары, Қазақстан Республикасы
Триатлон федерациясының президентi
Рябченко - Қазақстан Республикасының
Олег Григорьевич Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келiсiм бiрiншi вице-министрi
Айдарханов - Қазақстан Республикасының
Арман Тергеуұлы Денсаулық сақтау вице-министрi
Нығматуллин - Қазақстан Республикасының Көлiк
Нұрлан Зайроллаұлы және коммуникациялар вице-министрi
Отто - Қазақстан Республикасының Iшкi
Иван Иванович iстер вице-министрi
Әлiмбекова - Қазақстан Республикасының
Гүлнәр Смәділқызы Туризм және спорт жөнiндегi
агенттiгi қаржы-экономика
бөлiмiнiң бастығы
Төкеев - Қазақстан Республикасының
Серiк Адамұлы Туризм және спорт жөнiндегi
агенттiгi Ұлттық штаттық
командалар және спорт резервi
дирекциясының басшысы
Ахметов - Ақмола облыстық спорт және дене
Қанат Ахметұлы шынықтыру басқармасының бастығы