1. Қоса беріліп отырған "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажеттi Қазақстан Республикасының Үкiметi кесiмдерінің тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) бекiтiлсiн.
2. Мемлекеттік органдар Тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн.
3. Мемлекеттiк органдар алты ай мерзiмде "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыруға тиiстi ведомстволық нормативтік құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Үкiметтi хабардар етсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2003 жылғы 29 тамыздағы
N 194 өкiмiмен
бекiтiлген
Қоса беріліп отырған "Акционерлiк қоғамдар туралы"
Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында
қабылдануы қажеттi Қазақстан Республикасының Yкiметi
кесiмдерiнiң тiзбесi
___________________________________________________________________
N | Қазақстан Республикасы | Жауапты мемлекеттiк | Yкiметке
| Yкіметінің кесiмiмен | органдар | енгiзу
| реттеуге жататын | | мерзiмi
| қатынастар | |
___________________________________________________________________
1. Акционерлiк қоғамдардың Ұлттық Банкi 2003 жылғы
үлгілік жарғысы (келiсiм бойынша), желтоқсан
ҚарМ
2. Мемлекеттiк акциялар ҚарМ 2003 жылғы
пакетiн иелену және желтоқсан
пайдалануды жүзеге
асыратын мемлекеттiк
органдар мемлекеттiң,
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң және (немесе)
мемлекеттік меншікке иелiк
етуге уәкiлеттi
мемлекеттiк органның
қатысуымен акционерлердің
жалпы жиналысында қабылдау
үшiн ұсынылатын шешiмдер
жобалардың алдын ала
жазбаша келiсуiн
қамтамасыз етуге мiндеттi
мәселелердің тiзбесi
3. Жекешелендiруге жатпайтын ҚарМ 2003 жылғы
мүліктерді ұлттық желтоқсан
компанияларға берудің
шарттары мен тәртiбi
4. Ұлттық компаниялар тiзбесi ҚарМ 2003 жылғы
желтоқсан
___________________________________________________________________