Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрi - ДДҰ) арасындағы ынтымақтастықты нығайту және 2003 жылғы 22-25 қазанда Астана және Алматы қалаларында ДДҰ-ның Бас директоры Йонг Bук Лидiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi 2003 жылғы 22-25 қазанда Астана және Алматы қалаларында ДДҰ-ның Бас директоры Йонг Вук Лидiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн;
сапарды өткiзуге, соның iшiнде қонақ үйде тұруға және Алматы - Астана - Алматы бағыты бойынша көлiктiк шығыстарға 2003 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 969 792 (тоғыз жүз алпыс тоғыз мың жетi жүз тоқсан екi) теңге сомасында қаржы қаражатын бөлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы (келiсiм бойынша) қосымшаға сәйкес ДДҰ ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру және көлiктiк қызмет көрсету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) ДДҰ ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайлардағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етудi қамтамасыз етсiн.
5. Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi ДДҰ-ның ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу, Астана және Алматы қалаларының әуежайлары мен көшелерiн безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын орындауды қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi сапарды дайындау мен өткiзуге жәрдем көрсетудi және Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөнiндегi Алматы конференциясының 25 жылдығына арналған Терапевттердiң VI съезiне қатысуды қамтамасыз етсiн.
7. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2003 жылғы 18 қазандағы
N 253 өкiмiне
қосымша
ДДҰ-ның ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру және оларға көліктiк қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру iс-шаралары
1. ДДҰ ресми делегациясының мүшелерiн (1+2+1) және бiрге жүретiн адамдарды Астана және Алматы қалаларында "Окан Интерконтиненталь-Астана" және "Риджент-Алматы" қонақ үйлерiнде орналастыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн "Окан-Интерконтиненталь-Астана" және "Риджент-Алматы" қонақ үйлерiне орналастыру.
3. ДДҰ делегациясы үшiн белгiленген тәртiппен кәдесыйлар мен сыйлықтар сатып алу.
4. Астана және Алматы қалаларының әуежайларында ДДҰ-ның ресми делегациясын қарсы алу мен шығарып салу рәсiмдерiн техникалық безендiру (VIP-залы, шай дастарханы).
5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Алматы қаласындағы Резиденциясында баспасөз конференциясын ұйымдастыру.
6. ДДҰ Бас директорының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Хатшысы И.Н. Тасмағамбетовпен кездесуiн және Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөнiндегi Алматы конференциясының 25 жылдығына арналған Терапевттердiң VI съезiне қатысуын ұйымдастыру.
7. ДДҰ-ның Бас директоры құрметiне Астана қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң атынан ресми қонақасы ұйымдастыру.
8. Ресми делегацияның мүшелерi мен бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.