Әзiрбайжан Республикасының Президентi Ильхам Әлиевтiң Қазақстан Республикасына мемлекеттiк сапарын дайындау және өткiзу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 26 ақпандағы N 50-ө өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2004 жылғы 1-2 наурызда Астана қаласында Әзiрбайжан Республикасының Президентi Ильхам Әлиевтiң Қазақстан Республикасына мемлекеттiк сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi 2004 жылғы 1-2 наурызда Астана қаласында Әзiрбайжан Республикасының Президентi Ильхам Әлиевтiң Қазақстан Республикасына мемлекеттiк сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша):
      қосымшаға сәйкес Әзiрбайжан Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
      2004 жылға арналған республикалық бюджетте "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Әзiрбайжан Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгімен бiрлесiп, Әзiрбайжан Республикасының Президентi Ильхам Әлиевтiң арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және олардан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.

      6. Астана қаласының әкiмi Әзiрбайжан Республикасының делегациясын күтiп алу және шығарып салу, Астана қаласының әуежайы мен көшелерiн безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.

      7. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана қаласының әуежайында Әзiрбайжан Республикасының Президентi Ильхам Әлиевтi күтiп алу мен шығарып салу рәсiмiне қатыссын, Қазақстан Республикасының Президентi H. Назарбаевтың атынан қабылдау кезiнде концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын.

      8. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң 
2004 жылғы 26 ақпандағы
N 50 өкiмiне     
қосымша      

Әзiрбайжан Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн
орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету
жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. 1+11 форматы бойынша Әзiрбайжан Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн және бiрге жүретiн адамдарды Астана қаласында орналастыру ("Окан Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйi), тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн "Окан Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйiне орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Әзiрбайжан Республикасы делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Әзiрбайжан Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында күтiп алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың атынан Әзiрбайжан Республикасының Президентi И.Г.Әлиевтiң құрметiне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.

О подготовке и проведении государственного визита Президента Азербайджанской Республики Алиева Ильхама в Республику Казахстан

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 26 февраля 2004 года N 50-p

      В целях укрепления двустороннего сотрудничества между Республикой Казахстан и Азербайджанской Республикой и обеспечения протокольно-организационных мероприятий по подготовке и проведению государственного визита Президента Азербайджанской Республики Алиева Ильхама в Республику Казахстан 1-2 марта 2004 года в городе Астане:

      1. Министерству иностранных дел Республики Казахстан обеспечить протокольно-организационные мероприятия по подготовке и проведению государственного визита Президента Азербайджанской Республики Алиева Ильхама в Республику Казахстан 1-2 марта 2004 года в городе Астане (далее - визит).

      2. Управлению делами Президента Республики Казахстан (по согласованию):
      принять необходимые меры по размещению, питанию и транспортному обслуживанию членов официальной делегации Азербайджанской Республики согласно приложению;
      обеспечить финансирование расходов на проведение визита за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2004 год по программе "Обеспечение деятельности Главы государства, Премьер-Министра и других должностных лиц государственных органов".

      3. Министерству внутренних дел Республики Казахстан, Службе охраны Президента Республики Казахстан (по согласованию), Комитету национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию) обеспечить безопасность членов официальной делегации Азербайджанской Республики в аэропорту, местах проживания и посещения, сопровождение по маршрутам следования, а также охрану специального самолета.

      4. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан в установленном порядке обеспечить:
      совместно с Министерством обороны Республики Казахстан пролет специального самолета Президента Азербайджанской Республики Алиева Ильхама над территорией Республики Казахстан, посадку и вылет в аэропорту города Астаны;
      техническое обслуживание, стоянку и заправку специального самолета в аэропорту города Астаны.

      5. Министерству информации Республики Казахстан обеспечить освещение визита в средствах массовой информации.

      6. Акиму города Астаны обеспечить выполнение организационных мероприятий по встрече и проводам делегации Азербайджанской Республики, оформлению аэропорта и улиц города Астаны.

      7. Республиканской гвардии Республики Казахстан (по согласованию) принять участие в церемонии встречи и проводов Президента Азербайджанской Республики Алиева Ильхама в аэропорту города Астаны, организовать концертную программу во время приема от имени Президента Республики Казахстан Назарбаева Н.А.

      8. Контроль за реализацией настоящего распоряжения возложить на Министерство иностранных дел Республики Казахстан.

      Премьер-Министр

Приложение         
к распоряжению Премьер-Министра
Республики Казахстан     
от 26 февраля 2004 года N 50 

Организационные меры
по размещению, питанию и транспортному обслуживанию членов
официальной делегации Азербайджанской Республики

      1. Размещение (гостиница "Окан Интерконтиненталь-Астана"), питание и транспортное обслуживание членов официальной делегации Азербайджанской Республики по формату 1 + 11 и сопровождающих лиц в городе Астане.
      2. Размещение сотрудников Службы охраны Президента Республики Казахстан в гостинице "Окан Интерконтиненталь-Астана".
      3. Изготовление печатной продукции (бейджи, спецпропуска на автомобили, кувертные карты, пригласительные на прием).
      4. Приобретение подарка и сувениров для главы и членов официальной делегации Азербайджанской Республики.
      5. Организация чайного стола в аэропорту города Астаны при встрече и проводах официальной делегации Азербайджанской Республики.
      6 . Организация официального приема от имени Президента Республики Казахстан Назарбаева Н.А. в честь Президента Азербайджанской Республики Алиева И.Г. в городе Астане.