1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң 2004 жылғы 1 - 31 тамызда Афины қаласында (Грек Республикасы) "Қазақ ауылы Афины олимпиада ойындарында" мәдени-ақпараттық орталығын (бұдан әрi - мәдени-ақпараттық орталық) ұйымдастыру туралы ұсынысы қабыл алынсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) мәдени-ақпараттық орталықты ұйымдастыру және дайындау жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы;
2) мәдени-ақпараттық орталықты ұйымдастыру және дайындау жөнiндегi iс-шаралар жоспары бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi мәдени-ақпараттық орталығын ұйымдастыру және дайындауды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
1) Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi ұсынған тiзiм бойынша Олимпиада ойындарына жiберiлетiн мәдени-ақпараттық орталықтың персоналы мен спорт мамандары тобы мүшелерiнiң шығу құжаттарын ресiмдеуге жәрдем көрсетсiн;
2) тиiстi елдермен ноталық хат алмасу жолымен халықаралық нормалар шегiнде мәдени-ақпараттық орталықты ұйымдастыруға арналған жүктi жеткiзу әрi шығаруға жәрдем көрсетсiн.
5. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi кедендiк заңнамаға сәйкес мәдени-ақпараттық орталықты ұйымдастыру үшiн қажеттi тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетудi, сондай-ақ қайтадан әкелудi жедел кедендiк ресiмдеудi қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің мәдени-ақпараттық орталықтың жұмысына қатысуын қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2004 жылғы 7 маусымдағы
N 168 өкімімен
бекiтілген
Мәдени-ақпараттық орталығын ұйымдастыру және
дайындау жөнiндегі ұйымдастыру комитетiнiң
құрамы
Тұрлыханов - Қазақстан Республикасы Туризм және
Дәулет Болатұлы спорт жөнiндегi агенттігінiң төрағасы,
төраға
Тәжiбай - Қазақстан Республикасының Туризм және
Бақытбек спорт жөнiндегi агенттiгi төрағасының
бiрiншi орынбасары, орынбасар
Әбенов - Қазақстан Республикасы
Сұлтан Мұрашұлы Премьер-Министрінiң Кеңесшiсi, орынбасар
Рябченко - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Олег Григорьевич бiрiншi вице-министрi
Аманшаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ермек Әмiрханұлы вице-министрi
Бөкенов - Алматы қаласы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары
Қайрат Ахмадиұлы
Ержанов - Қазақстан Республикасының Кедендiк
Аманиаз Қасымұлы бақылау агенттiгi төрағасының бiрiншi
орынбасары
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының
Асқар Куанышұлы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi
агенттiгi төрағасының орынбасары
Кәрiбжанова - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Роза Сәмидоллақызы Кеңсесi әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң
бас сарапшысы
Қоңырбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Уәлихан Сиянбекұлы iстер министрлiгінiң Консулдық қызмет
департаментiнiң директоры
Смирнов - Қазақстан Республикасы Туризм және
Владимир Михайлович спорт жөнiндегi агенттiгі төрағасының
кеңесшiсi
Дүйсебаев - Қазақстан Республикасының Гpeк
Бейсембек Жұмабекұлы Республикасындағы консулы
Гуськов - Қазақстан Республикасы Туризм және
Юрий Петрович спорт жөнiндегi агенттігінiң жоғары
жетiстiктер спорты және спорт резервi
басқармасының бастығы
Төкеев - Қазақстан Республикасы Туризм және
Серiк Адамұлы спорт жөнiндегi агенттігiнiң Ұлттық
штаттық командалар мен спорт резервi
дирекциясының басшысы
Досымбетов - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Тимур Камалұлы олимпиадалық комитетiнiң президентi
(келiсiм бойынша)
Доскен - "Қазақстан" республикалық
Ғалым Төлембекұлы телерадиокорпорациясы" акционерлiк
қоғамының төрағасы
Сманқұлов - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы
Асқар Сұлтанұлы акционерлiк қоғамы президентiнiң аппарат
басшысы (келiсiм бойынша)
Қалиев - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы
Сұлтан Есімұлы акционерлiк қоғамының
Жұртшылықпен байланыс жөнiндегi
департаментi директорының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Нуров - "Қазспортқамтамасызету" ашық
Наиль Фаридович акционерлiк қоғамының президентi,
мәдени-ақпараттық орталықтың коменданты
(келiсiм бойынша)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2004 жылғы 7 маусымдағы
N 168 өкімімен
бекiтілген
Мәдени-ақпараттық орталығын ұйымдастыру және дайындау жөнiндегі iс-шаралар жоспары*
__________________________________________________________________
N | Iс-шараның атауы | Өткiзу | Өткiзу | Жауапты
| | мерзiмi | орны |орындаушылар
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5
__________________________________________________________________
1. "Қазақ ауылы Афины олимпиа. 2004 ж. Астана TуpCA
да ойындарында" жобасының 5 маусымға қаласы
нобайын дайындау дейiн
2. Афины қаласындағы виллалар. 2004 ж. Афины TуpCA, СIМ
дың (қонақ үйлердiң) иеле. 5 маусымға қаласы
рiмен ниет шартына қол қою дейiн
3. Жобаны iске асырумен байла. 2004 ж. Астана ТурСА
нысты жергiлiктi шығыс 10 маусымға қаласы
сметасын жасау дейiн
4. Ұйымдастыру комитетiнiң 2004 ж. Астана ТурСА
бiрiншi отырысын өткiзу 11 маусым қаласы
5. Олимпиада ойындарына баратын 2004 ж. Астана ТурСА, ҰОК
спорт мамандарының тобын 20 маусымға қаласы (келiсiм
жасақтау дейiн бойынша)
6. Жобаның әрiптестерiмен және 2004 ж. Астана TуpCA
демеушiлерiмен шарттар 20 маусымға қаласы
жасасу дейiн
7. Ұлттық асхана жұмысын қам. 2004 ж. Алматы ТурСА, Алматы
тамасыз ету үшін қызмет 20 шiлдеге қаласы қаласының
көрсетушi персоналмен дейiн әкiмдігі
шарттар жасасу
8. Әртістердiң шығармашылық 2004 ж. Астана ТурСА,
ұжымдарының құрамын анықтау 20 маусымға қаласы Мәдениетмині
дейiн
9. Техникалық персоналдың, 2004 ж. Астана ТурСА,
бұқаралық ақпарат құралдары 14 шiлдеге қаласы Ақпаратминi
өкiлдерiнiң құрамын анықтау дейiн
10. Спорт мамандары тобының 2004 ж. Алматы ТурСА, СIМ
мүшелерiне, мәдени-ақпарат. 10 шілдеге қаласы
тық орталықтың персоналына, дейін
бұқаралық ақпарат құралдары
өкiлдерiне елшiлiк визаларын
ресiмдеу
11. Мәдени-ақпараттық орталықтың 2004 ж. Астана TуpCA, ҰОК
10-31 тамыз кезеңiндегi жұ. 5 тамызға қаласы (келiсiм
мысының жоспарын бекiтуге дейiн бойынша)
дайындау. Қабылдаулардың,
келiссөздердiң, тұсаукесу.
лердiң, концерттердiң
кестесi
12. Ұйымдастыру комитетiнiң 2004 ж. Астана ТурСА
екiншi отырысын өткiзу 10 тамызға қаласы
дейiн
13. Алматы қаласында мәдени- 2004 ж. Алматы TуpCA,
ақпараттық орталықты құруға 3 шiлде қаласы ҰШКСРД, КБА,
арналған жүктi жинау. СIМ,
Кедендiк құжаттарды ресiм. "ҚазМұнайГaз"
деу, Алматы-Афины бағыты ҰҚ АҚ
бойынша персоналмен бiрге (келiсiм
жүк автопоезын және бойынша)
автобусты жөнелту
14. Персоналмен бiрге жүк 2004 ж. Афины ТурСА, СIМ
автопоезын және автобусты 3 тамыз қаласы
Афины қаласында күтіп алу.
Персоналды, әртістерді,
бұқаралық ақпарат құрал.
дарын "Ауыл" мейманханасына
орналастыру
15. "Қазақ ауылын" орнату: киiз 2004 ж. Афины TуpCA, СIМ
үйлердi, декорацияларды, 10 тамызға қаласы
жабдықтарды құру дейiн
16. "Афиныдағы Қазақ ауылы" 2004 ж. Афины TуpCA, ҰОК
мәдени-ақпараттық орталығы 13 тамыз қаласы (келiсiм
жұмысының басталуы бойынша)
17. Мәдени-ақпараттық орталық 2004 ж. Афины TуpCA, СIМ
жұмысының аяқталуы. "Ауылды" 30 тамыз қаласы
демонтаждау, жүктердi жинау,
кедендiк құжаттарды ресiм.
деу, одан әрi Алматыға
жөнелту үшiн жүктердi көлiк
компаниясына тапсыру
__________________________________________________________________
* көрсетiлген iс-шаралар демеушiлердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын болады
Қолданылған қысқартулар:
Мәдениетминi - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі;
СIМ - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі;
Ақпаратминi - Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгі;
КБА - Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi;
ТурСА - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігі;
ҰОК - Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi;
ҰШКСРД - Ұлттық штаттық командалардың және спорт резервiнің дирекциясы.