"Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 қазандағы N 1050 қаулысына сәйкес:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Iшкi iстер, Қорғаныс, Әдiлет министрлiктерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi 2005 жылғы 21 ақпаннан бастап 7 наурыз аралығында 15-тен 25 жасқа дейiнгi тұрғындарды қызылша мен қызамыққа қарсы жаппай иммундауды ұйымдастыруды және жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi осы өкiмнен туындайтын ұйымдастыру iс-шараларын орындауды қамтамасыз етсiн және 2005 жылғы 5 сәуiрге дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне 15-тен 25 жасқа дейiнгi тұрғындарды қызылша мен қызамыққа қарсы жаппай иммундауды жүргiзудiң нәтижелерi туралы ақпарат берсiн.
3. Осы өкiмнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Есiмовке жүктелсiн.
Премьер-Министр