1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң 2005 жылы Қазақстан Республикасының аумағында ресми халықаралық жарыстар өткiзу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) 2005 жылы Қазақстан Республикасында өткiзілетiн ресми халықаралық жарыстардың тiзбесi;
2) 2005 жылы Қазақстан Республикасында ресми халықаралық жарыстарды дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекiтілсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгі, Астана және Алматы қалаларының, Ақмола облысының әкiмдерi спорт түрлерi бойынша тиiстi федерациялармен келiсiм бойынша ресми халықаралық жарыстарды (бұдан әрi - жарыстар) дайындауды және өткiзудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi қоғамдық тәртiптің сақталуын, ресми тұлғалар мен жарыстарға қатысушылар тұратын және жарыстар өтетiн жерлерде олардың қауiпсiздiгiн, сондай-ақ жарыстарға қатысушы шетелдiк азаматтардың Астана және Алматы қалаларының қонақ үйлерiнде тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi жарыстарға қатысушыларға медициналық қызмет көрсетудi қамтамасыз етуде жәрдем көрсетсiн.
6. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi жарыстарға қатысушыларға көлiктік қызмет көрсетудi қамтамасыз етуде жәрдем көрсетсiн.
7. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Спорт iстерi комитетінiң шақыруымен Қазақстан Республикасына жiберілетiн жарыстарға қатысушы шетелдiк азаматтарға консулдық алымдар алмай, визалық қолдау көрсетсiн және визалар беруді жүргізсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2005 жылғы 23 наурыздағы
N 60-ө өкiмiмен
бекiтiлген
2005 жылы Қазақстан Республикасында өткiзiлетiн
ресми халықаралық жарыстардың тiзбесi
N |
Iс-шаралардың атауы |
Өткiзу |
Өткiзу орны |
Жауаптылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Волейболдан |
15-19 |
Алматы |
Қазақстан Республикасы |
2. |
Триатлоннан |
29-31 |
Ақмола |
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі, Ақмола облысының өкiмi, Қазақстан Республикасының Триатлон федерациясы (келiсiм бойынша) |
3. |
Нысана көз- |
12-19 қыркүйек |
Алматы |
Қазақстан Республикасы |
4. |
Қазiргi көп- |
20-26 |
Алматы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі, |
5. |
Ерлер және |
11-14 |
Астана |
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінiң
2005 жылғы 23 наурыздағы
N 60-ө өкiмiмен
бекiтiлген
2005 жылы Қазақстан Республикасында ресми халықаралық
жарыстарды дайындау және өткiзу жөнiндегі ұйымдастыру
комитетiнiң құрамы
Қосыбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат
Есетжан Мұратұлы және спорт министрi, төраға
Тұрлыханов - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат
Дәулет Болатұлы және спорт министрлігі Спорт iстерi
комитетiнiң төрағасы, төрағаның орынбасары
Қанағатов - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат
Елсияр Баймұхамедұлы және спорт министрлігінiң Спорт iстерi
комитетi төрағасының орынбасары, төрағаның
орынбасары
Қасымов - Қазақстан Республикасының Парламентi
Мағзам Есенгелдiұлы Сенатының Аппараты басшысының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Лавриненко - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Юрий Иванович коммуникация бiрiншi вице-министрi
Отто - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер бiрiншi
Иван Иванович вице-министрi
Диқанбаева - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Сәуле Әлкейқызы вице-министрi
Зверьков - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Вадим Павлович министрiнің орынбасары
Шүкеев - Астана қаласының әкiмi
Өмiрзақ Естайұлы
Тасмағамбетов - Алматы қаласының әкiмi, Қазақстан
Иманғали Нұрғалиұлы Республикасы Атыс спорты федерациясының
президентi
Есенбаев - Ақмола облысының әкiмi
Мәжит Төлеубекұлы
Кулагин - Қостанай облысының әкiмi, Қазақстан
Сергей Витальевич Республикасы Триатлон федерациясының
құрметтi президентi
Баталов - Алматы облысы әкiмiнiң орынбасары, Алматы
Амандық Ғаббасұлы қаласы мен Алматы облысы Волейбол
федерациясының басшысы
Айтхожин - Астана қаласы әкiмдiгi дене тәрбиесi және
Азамат Серiкұлы спорт басқармасының бастығы
Әбенов - Алматы қаласы әкiмiнiң аппараты дене
Сұлтан Мұрашұлы тәрбиесi және спорт басқармасының бастығы
Кәкiшев - Ақмола облысы әкiмдiгi дене тәрбиесi және
Сапарбек Сақтағанұлы спорт басқармасының бастығы
Атамқұлов - "Қазақстан темiр жолы" АҚ-ның президентi,
Ерлан Дүмшебайұлы Қазақстан Республикасы Волейбол
федерациясының вице-президентi (келiсiм
бойынша)
Досымбетов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада
Тимур Камалұлы комитетiнiң президентi, Қазақстан
Республикасының Қазiргi көпсайыс және
биатлон одағының президентi (келiсiм
бойынша)
Валиев - Қазақстан Республикасы Самбо күресi
Рафик Гарифович федерациясының президентi (келiсiм бойынша)
3ахарин - "Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет
Юрий Кузьмич сарайы" коммуналдық мемлекеттiк
кәсiпорнының директоры (келiсiм бойынша)
Кан - Қазақстан Республикасы Волейбол
Юрий Павлович федерациясының бас хатшысы (келiсiм бойынша)