Жоғары деңгейдегi топтың жиырмасыншы мәжiлiсiн өткiзуге қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 13 мамырдағы N 118-ө Өкімі

      2005 жылғы 13 мамырда Астана қаласында Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Украинаның Бiртұтас экономикалық кеңiстiгiн қалыптастыру жөнiндегi Жоғары деңгейдегi топтың (бұдан әрi - Жоғары деңгейдегi топ) жиырмасыншы мәжiлiсiнiң өткiзiлуiне байланысты:
      Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Жоғары деңгейдегi топтың мәжiлiсiне қатысатын Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы және Украина делегацияларының мүшелерiне қонақ үйде тұруға және тамақтандыруға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 794400 (жетi жүз тоқсан төрт мың төрт жүз) теңге сомада қаражат бөлсiн.

      Премьер-Министр

О выделении средств на проведение двадцатого заседания Группы высокого уровня

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 13 мая 2005 года N 118-р

      В связи с проведением 13 мая 2005 года в городе Астане двадцатого заседания Группы высокого уровня по формированию Единого экономического пространства Республики Беларусь, Республики Казахстан, Российской Федерации и Украины (далее - Группа высокого уровня):
      Министерству иностранных дел Республики Казахстан выделить средства на проживание и питание членов делегаций Республики Беларусь, Российской Федерации и Украины, принимающих участие в заседании Группы высокого уровня, в сумме 794400 (семьсот девяносто четыре тысячи четыреста) тенге за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2005 год по программе 006 "Представительские затраты".

 
       Премьер-Министр