Заңнаманы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда қазақстандық қатысуды ұлғайту бөлiгiнде жетiлдiру жөнiндегi шараларды iске асыру мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Әсет Өрентайұлы сауда вице-министрi, жетекшi
Қажыкен - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Мейрам Зекешұлы сауда министрлiгi Өнеркәсiп және ғылыми-
техникалық дамыту комитетiнiң төрағасы,
жетекшiнiң орынбасары
Әбдиева - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Күлпаш Вениаминқызы сауда министрлiгiнiң Индустриялық-
инновациялық дамыту департаментi машина
жасау және қорғаныс өнеркәсiбi
басқармасының бастығы, хатшы
Ғайнуллиев - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Амантай Өтегенұлы Салық комитетiнiң N 1 Өңiраралық салық
комитетi келiсiм-шарттарды талдау және
сараптау басқармасының бастығы
Несонова - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Татьяна Сергеевна сауда министрлiгiнiң Өнеркәсiп және
ғылыми-техникалық дамыту комитетi өңдеу
және тау-кен өндiру өнеркәсiбi
басқармасының бастығы
Сұрағанов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Жамбыл Амангелдiұлы Салық комитетiнiң N 1 Өңiраралық салық
комитетi заң басқармасының бастығы
Төлеуов - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Бейбiт Төлеуұлы минералдық ресурстар министрлiгi Жер
қойнауын пайдалануға тiкелей
инвестициялар департаментiнiң жер
қойнауын пайдалануға арналған
келiсiм-шарттар жасасу және жер
қойнауын пайдалану мониторингi басқармасы
бастығының орынбасары
Жанбекова - Қазақстан Республикасы Қаржы
Балжан Боранбайқызы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi
жер қойнауын пайдаланушылардың
инвестициялық келiсiм-шарттары
шеңберiнде өткiзiлетiн тауарларға
кедендiк бақылауды ұйымдастыру бөлiмiнiң
бастығы
Исмаилова - Қазақстан Республикасы Экономика және
Айнагүл Есiмқызы бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң
Салалық органдардың шығыстарын жоспарлау
департаменті өнеркәсiп және құрылыс
бөлiмiнiң бастығы
Қуанышбаев - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Ермек Мекебайұлы министрлігінiң Заңға тәуелдi кесiмдер
департаментi қорғаныс, құқық тәртiбi
және сыртқы байланыстар мәселелерi
жөнiндегi кесiмдердi сараптау
бөлiмiнiң бастығы
Саттаров - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Сапар Слямиянұлы минералдық ресурстар министрлiгiнiң Жер
қойнауын пайдалануға тiкелей
инвестициялар департаментi жер қойнауын
пайдаланудың дерекқорын басқару
бөлiмiнiң бастығы
Тұмышев - "Қазақстан келiсiм-шарт агенттігi"
Айдын Лазарұлы акционерлiк қоғамының бiрiншi
вице-президентi (келiсiм бойынша)
Төлешев - "Қазақстан келiсiм-шарт агенттiгi"
Әбiлахат Кенжебекұлы акционерлiк қоғамы вице-президентiнiң
мiндетiн атқарушы (келiсiм бойынша)
Оспанов - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
Ерболат Серiкұлы акционерлiк қоғамының iрi мұнай-газ
жобаларына қазақстандық қатысуды дамыту
жөнiндегi директоры (келiсiм бойынша)
Мұхамбетәлиев - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
Данияр Қаратайұлы акционерлiк қоғамы Солтүстiк Каспий
жобасы департаментiнiң менеджерi (келiсiм
бойынша).
2. Жұмыс тобы 2005 жылғы 1 қазанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне мыналар бойынша ұсыныстар енгізсiн:
1) Өнiмдi бөлу туралы келiсiмге және Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға қазақстандық қатысуға қатысты бөлiмдердi енгiзу бойынша;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiмен тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi жыл сайын сатып алу, сондай-ақ сатып алуға арналған бюджеттер бөлiгiнде жұмыс бағдарламаларын келiсу туралы;
3) қолданыстағы заңнамаға Өнiмдi бөлу туралы келiсiмдер бойынша жұмыс iстейтiн жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде қазақстандық қатысуды ұлғайту мақсатында тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуға арналған келiсiм-шарттарды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiмен бағалық сараптама мәнiне мiндетті түрде келiсуiне қатысты өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу бойынша;
4) Қазақстан Республикасының Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруi шеңберiнде оларға қатысты преференциялық режим сақталуы қажет тауарлардың шектеулi түрлерiн және өтпелi кезеңнiң мерзiмiн айқындау бойынша.
3. Жұмыс тобына белгiленген тәртiппен орталық, жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын жұмыс тобының құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша тарту, сондай-ақ қажеттi ақпарат сұрату құқығы берілсiн.
4. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi И.М.Кравченкоға жүктелсiн.
Премьер-Министр