2005 жылғы 4-6 шілдеде Астана қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары кеңесінің отырысын (бұдан әрі - отырыс) дайындау және өткізу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі отырысты дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
1) 1-қосымшаға сәйкес:
Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының (бұдан әрі - ШЫҰ) Хатшылығы, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы күрес құрылымының Атқарушы Комитеті ресми делегацияларының (бұдан әрі - ресми делегациялар) басшылары мен мүшелеріне;
президенттер не премьер-министрлер келетін жағдайда Монғолия делегациясының (бұдан әрі - бақылаушы мемлекеттің делегациясы), Пәкістан Ислам Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Үндістан Республикасы делегацияларының (бұдан әрі - қонақ делегациялар) басшыларына қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2) 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамсыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен отырысты өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) ресми делегациялар, бақылаушы мемлекет делегациясы және қонақ делегациялар басшылары мен мүшелерінің әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақтарды күзетуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, ресми делегациялардың, бақылаушы мемлекет делегациясының және қонақ делегациялардың арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
Астана қаласының әуежайында ресми делегациялардың, бақылаушы мемлекет делегациясының және қонақ делегациялардың арнайы ұшақтарына техникалық қызмет көрсетуді, олардың тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі отырысын бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.
6. Астана қаласының әкімі ресми делегацияларды, бақылаушы мемлекеттің делегациясын және қонақ делегацияларды қарсы алу және шығарып салу, Астана қаласының әуежайы мен көшелерін безендіру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында ресми делегациялардың, бақылаушы мемлекет делегациясының және қонақ делегациялардың басшыларын қарсы алу мен шығарып салу рәсіміне қатыссын, Қазақстан Республикасы Президентінің атынан қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
8. Ресми делегацияларға, бақылаушы мемлекеттің делегациясына және қонақ делегацияларға қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында оларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволары бекітіліп берілсін.
9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2005 жылғы 1 шілдедегі
N 180-ө өкіміне
1-қосымша
Ресми делегациялардың, бақылаушы мемлекет делегациясының
және қонақ делегациялардың мүшелеріне қызмет
көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары
1. Отырысқа қатысатын ресми делегациялардың мүшелерін формат (1+3) бойынша, бақылаушы мемлекет делегациясының және қонақ делегациялардың басшыларын орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін ресми делегациялардың, бақылаушы мемлекет делегациясының және қонақ делегациялардың басшылары орналасқан жерлерге орналастыру.
3. Отырысы, екі жақты кездесулерді өткізуге арналған залдарды жалға алу.
4. Баспа өнімдерін (баннер, папкалар, қаламдар, бейдждер, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақыру билеттері) дайындауға ақы төлеу.
5. Ресми делегациялардың басшылары мен мүшелері, бақылаушы мемлекет делегациясының және қонақ делегациялардың басшылары үшін сыйлықтар және кәдесыйлар сатып алу (президенттер не премьер-министрлер келетін жағдайда).
6. Астана қаласы әуежайының VIP залында делегацияларға қызмет көрсетуді делегацияларды күтіп алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
7. Ресми делегациялар, бақылаушы мемлекет делегациясы және қонақ делегациялар басшыларының құрметіне Қазақстан Республикасының Президенті атынан ресми қабылдауды ұйымдастыру.
8. Ресми делегациялардың, бақылаушы мемлекет делегациясының және қонақ делегациялардың мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.
9. 2005 жылғы 1-6 шілдеде ұялы транкингтік байланыстың 30 бірлігін жалға алуға ақы төлеу.
10. Ұялы байланыс қызметіне ақы төлеу.
11. Отырысқа қатысатын ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің баспасөз қызметтеріне көліктік қызмет көрсетуге ақы төлеу.
12. Аудармашылар қызметіне ақы төлеу.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2005 жылғы 1 шілдедегі
N 180-ө өкіміне
2-қосымша
Отырысқа қатысатын делегациялардың басшыларына
Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғаларын
бекітіп беру
Р/с N |
Делегация | Тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы |
---|---|---|
1. |
Қытай Халық Республикасы |
Есімов Ахметжан Смағұлұлы - Премьер-Министрдің орынбасары |
2. |
Қырғыз Республикасы |
Үмбетов Серік Әбікенұлы - Ауыл шаруашылығы министрі |
3. |
Ресей Федерациясы |
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және сауда министрі |
4. |
Тәжікстан Республикасы |
Школьник Владимир Сергеевич - Энергетика және минералдық ресурстар министрі |
5. |
Өзбекстан Республикасы |
Келімбетов Қайрат Нематұлы - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
6. |
Моңғолия |
Оспанов Бақыт Сағындықұлы - Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы |
7. |
Пәкістан Ислам Республикасы |
Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Денсаулық сақтау министрі |
8. |
Иран Ислам Республикасы |
Көпеев Мұхамбет Жұманазарұлы - Төтенше жағдайлар министрі |
9. |
Үндістан Республикасы |
Сыртқы істер министрлігі |
10. |
ШЫҰ Хатшылығы |
Қаржы министрлігінің |
11. |
ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы күрес құрылымының Атқарушы Комитеті |
Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) |