Инфляциялық процестердi есепке алу және реттеу мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Тiлеубердин - Қазақстан Республикасының Премьер-
Алтай Абылайұлы Министрi Кеңсесiнің Басшысы, жетекшi
Өзбеков - Қазақстан Республикасының Қаржы
Ғани Нұрмаханбетұлы вице-министрi, жетекшiнiң орынбасары
Дунаев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Арман Ғалиасқарұлы министрі
Келiмбетов - Қазақстан Республикасының
Қайрат Нематұлы Экономика және бюджеттiк жоспарлау
министрі
Әбдиев - Қазақстан Республикасы Статистика
Қали Сейiлбекұлы агенттiгiнің төрағасы
Айманбетова - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
Гүлбану Зарлыққызы Төрағасының орынбасары (келiсiм
бойынша)
Әйтекенов - Қазақстан Республикасының
Қайрат Медiбайұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау
вице-министрi
Нұғманов - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Серiк Пикұлы вице-министрi
Смағұлов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Болат Советұлы және сауда вице-министрi
Алдабергенов - Қазақстан Республикасы Табиғи
Нұрлан Шәдiбекұлы монополияларды peттeу агенттігi
төрағасының бiрiншi орынбасары
Тортаев - Қазақстан Республикасы Статистика
Бауыржан Қадырұлы агенттiгi төрағасының орынбасары
Мәтішев - Қазақстан Республикасы Индустрия
Әлиақбар және сауда министрлiгi Бәсекелестiктi
қорғау комитетінің төрағасы
Аманбаев - Қазақстан Республикасы Қаржы
Мұрат Ермұханұлы министрлігінің Кедендiк бақылау
комитетi төрағасының орынбасары
Тоқаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ақбар Қуанышбайұлы Министрінің Кеңсесi Жиынтық талдау
бөлiмiнің меңгерушiсi
Боос - Қазақстан Республикасының Премьер-
Владимир Оттович Министрi Кеңсесiнiң Өндiрiстік сала
және инфрақұрылым бөлiмi
меңгерушiсiнің орынбасары
Рахымбеков - Қазақстан Республикасы Ауыл
Төлеутай Сатайұлы шаруашылығы министрлiгi Ауыл
шаруашылығы өнімін өңдеу, кеден-
тариф саясаты және ДСҰ
департаментiнің директоры
Кривко - Қазақстан Республикасы Статистика
Нина Ивановна агенттiгi Баға және еңбек статистикасы
департаментiнің директоры
2. Жұмыс тобы 2005 жылғы 15 қыркүйекке дейiнгі мерзiмде қазiргi заманғы экономикалық шындықты ескере отырып, тұтыну бағаларының индексiн есептеу әдiснамасын жетiлдiру жөнiнде және әсер ететін факторлардың барлық кешенi бойынша жүйелi шараларды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесінің Басшысы А.А.Тiлеубердин Қазақстан Республикасы Үкiметiнің ғимаратында жұмыс тобының қызметiн қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі