"Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Заңының 2-1-бабын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қоса берiліп отырған Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын жедел енгiзу жөнiндегi 2006 жылға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
2. Жоспардың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2006 жылғы 9 тамыздағы
N 223-ө өкімімен
бекітілген
Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын жедел
енгізу жөніндегі 2006 жылға арналған іс-шаралар жоспары
Р/с N |
Іс-шаралар |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
Болжамды шығыстар (мың теңге) |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. |
Ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындар мен акцияларының бақылау пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің):
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп |
Қаржымині (Н.А.Коржова) (жинақтау), ЭБЖМ (Б.Ә. Палымбетов), БҒМ (Б.С. Әйтімова), ККМ (А.Ұ. Мамин),
|
2006 жылғы қыркүйек |
Талап етілмейді |
|
2. |
Қаржы ұйымдарды үшін қарыздар беру кезінде аудит жүргізілуі міндетті қарыз алушылардың соңғы қаржы жылында ХҚЕС қаржылық есеп беруіне сәйкестігі туралы пікір білдірілетін аудиторлық есепті ұсыну талабын белгілеу. |
ҚҚА басқармасының қаулысы |
ҚҚА (А.Ғ. Дунаев) |
2006 жылғы қараша |
Болжанбайды |
|
3. |
Эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымдарын тіркеу кезінде ХҚЕС-ға сәйкес жылдық қаржылық есеп беруді ұсынған эмиссиялық бағалы қағаздардың эмитенттері туралы ақпарат беру. |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ақпарат |
ҚҚА (А.Ғ. Дунаев) |
2006 жылғы қараша |
Болжанбайды |
|
4. |
Табиғи монополияларды реттеу мәселелері жөніндегі заңнамалық ХҚЕС ережелеріне сәйкес келуіне талдау жүргізу. |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ақпарат |
ТМРА (Б.Ә. Сағынтаев) Қаржымині (Ә.А. Смайылов) |
2006 жылғы қазан |
Болжанбайды |
|
5. |
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және аудит жүйесін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині (Н.А. Коржова) ҚҰБ (Ә.Ғ. Сәйденов), ЭБЖМ (М.Ә. Құсайынов), БҒМ (Б.С. Әйтімова) Аудиторлар палатасы (С.Х. Көшкімбаев) |
2006 жылғы қазан |
Болжанбайды |
|
6. |
ХҚЕС мәтінінің жаңартуларын мемлекеттік тілге ресми аударуды және оны жариялауды қамтамасыз ету. |
Бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау |
Қаржымині (Н.А. Коржова) |
2006 жылғы желтоқсан |
2006 жылы - 1080,0 |
Республикалық бюджет |
7. |
ХҚЕС ерекшеліктерін меңгерген мамандар даярлауды қамтамасыз ету, оның ішінде:
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ақпарат |
БҒМ (Б.С. Әйтімова)
|
2006 жылғы қыркүйек |
2006 жылы - 2940,0 |
Республикалық бюджет |
8. |
Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде аудитті міндетті түрде жүргізу белгіленген өнім әлеуетті жеткізушілер конкурстық рәсімдерге қатысқан кезде олардың қаржылық есеп берудің ХҚЕС-ға сәйкестігі туралы пікір білдірілетін аудиторлық есепті ұсынбау фактілерін анықтау жөніндегі бақылау іс-шараларын өткізу. |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне іс-шаралар нәтижелері туралы есеп |
Қаржымині (Ә.Ж. Сұлтанғазин) |
2006 жылғы қараша |
Болжанбайды |
|
9. |
Акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік кәсіпорындар арасында ХҚЕС-ға көшу бөлігінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру мәселелері жөніндегі заңнамасын сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу және ұйымдардың ХҚЕС-ға көшуінің жай-күйі туралы ақпарат беру. |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ақпарат |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2006 жылғы қараша |
Болжанбайды |
|
10. |
Осы іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы есеп. |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп |
Қаржымині (Н.А. Коржова) |
2006 жылғы желтоқсан |
Болжанбайды |
|
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
ҚҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі