1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2006 жылғы 2 - 9 қазан кезеңiнде Алматы қаласында жоғары оқу орындарының студенттерi арасында бокстан екiншi әлем чемпионатын (бұдан әрi - әлем чемпионаты) өткiзу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қоса берілiп отырған әлем чемпионатын дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнің құрамы бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi және Алматы қаласының әкiмi Алматы қаласында әлем чемпионатын дайындауды және өткiзудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi әлем чемпионатын дайындау және өткiзу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жария етудi қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi әлем чемпионатына қатысушыларға медициналық қызмет көрсетудi қамтамасыз етуге жәрдем көрсетсiн.
6. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Алматы қаласында қоғамдық тәртiптi, ресми адамдар мен әлем чемпионатына қатысушылардың тұратын және жарыстар өткiзілетiн орындардағы қауiпсiздiгiн, әлем чемпионатына қатысушы шетел азаматтарын қонақ үйлерде тiркеудi қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына жiберiлген әлем чемпионатына қатысушы шетел азаматтарына визалық қолдау көрсетсiн және визалар берудi жүргiзсiн.
8. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi ұйымдастырушылар ұсынған әлем чемпионатына қатысушылардың жолға шығу кестесiне сәйкес әлем чемпионатына қатысушылардың темiр жол және әуе көлiгiнде жол жүруi үшiн орындарды броньдауды қамтамасыз етуге жәрдем көрсетсiн.
9. Осы өкiмнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне жүктелсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2006 жылғы 13 қыркүйектегi
N 265-ө өкiмiмен
бекiтiлген
Жоғары оқу орындарының студенттерi арасында бокстан
екiншi әлем чемпионатын дайындау және өткiзу жөнiндегi
ұйымдастыру комитетiнiң құрамы
Әйтiмова - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым
Бiрғаным Сарықызы министрi, төрайым
Құлназаров - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
Анатолий Қожекенұлы министрлiгi Спорт комитетiнiң төрағасы,
төрайымның орынбасары
Бөкенов - Алматы қаласы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары,
Қайрат Ахмадиұлы төрайымның орынбасары
Нұрғожин - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Марат Рахмалыұлы министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан
кейiнгi бiлiм департаментiнiң директоры,
төрайымның орынбасары
Алпысбаев - "М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлiк
Серiк Айтақынұлы және коммуникация академиясы" акционерлiк
қоғамының президентi
Әбiшев - "Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық
Әли Әжiмұлы университетi" акционерлiк қоғамының
президентi
Ашляев - Қазақстан Республикасы әуесқой бокс
Қазбек Сопыжанұлы федерациясының бiрiншi вице-президентi
Есполов - Қазақ ұлттық аграрлық университетiнiң
Тiлектес Исабайұлы ректоры
Закириянов - Қазақстан Республикасы университет-
Қайрат Хайроллаұлы терiнiң ұлттық спорттық одағының
президентi, "Қазақ спорт және туризм
академиясы" акционерлiк қоғамының
президентi
Қожамқұлов - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
Төлеген Әбдiсағиұлы университетiнiң ректоры
Қошаев - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Марат Нағашыбекұлы министрлiгi Дене тәрбиесiнiң ұлттық
ғылыми-практикалық орталығының бас
директоры
Құттыбаев - Қазақстан Республикасының студенттiк
Қанатбек Әбдәлiмұлы ұлттық бокс федерациясының президентi,
"Қазақ спорт және туризм академиясы"
акционерлiк қоғамының вице-президентi
Сүлеев - Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық
Досым Қасымұлы университетiнiң ректоры