Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008.03.31 N 74-ө Өкімімен.
Инфляцияға қарсы кешендi саясатты әзiрлеу және iске асыру мақсатында:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасында инфляциялық үдерiстердi реттеу жөнiндегi 2007-2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгi жарты жылдың қорытындылары бойынша жылына екi рет 20 шiлдеге және 20 қаңтарға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне Жоспардың iске асырылуы туралы есеп берсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi жарты жылдың қорытындылары бойынша жылына екi рет 30 шiлдеге және 30 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкiметiне Жоспардың iске асырылуы туралы ақпарат берсiн.
Премьер-Министрдің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2006 жылғы 29 желтоқсандағы
N 370-ө өкiмiмен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасында инфляциялық үдерiстердi реттеу жөнiндегi 2007-2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары
Р/с
|
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық үдерiстердiң мониторингiн жүргізу және инфляцияның себептерiне талдау жасау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ҰБ (жинақтау), ЭБЖМ, ИСМ, АШМ |
2007-2008 жылдар 30 шілдеге,
|
2. |
Экономикалық өсудiң болжамды қарқынын ескере отырып, инфляцияның болжамды өлшемдерiн әзiрлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ҰБ |
2008-2009 жылдар 30 қаңтарға |
3. |
Жалпы iшкi өнiмнiң нақты және номиналды өзгерiсiнiң қарқынын ескере отырып, инфляцияның берiлген өлшемдерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн ақша агрегаттары өсiмiнiң оңтайлы қарқынын айқындау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ҰБ |
2008-2009 жылдар 30 қаңтарға |
4. |
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тауарлары мен қызметтерiнiң бағалары (тарифтерi) шектi өсуiнiң Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарының құрамында жоспарланып отырған орта мерзiмдi кезеңге арналған индексiн анықтау |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ТМРА |
2008-2009 жылдар 10 мамырға, 10 шілдеге |
5. |
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнің көтерме (коммуналдық) нарықтарын ұйымдастыру |
АШМ-ге ақпарат |
ИСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2007-2008 жылдар 10 шілдеге,
|
6. |
Сауда инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесу |
ИСМ-ге ақпарат |
АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2007-2008 жылдар 10 шілдеге,
|
7. |
Баға жөнiнде сөз байласудың жолын кесу, терiс пиғылды бәсекелестiкті, нарық субъектiлерiнің өздерiнiң үстем жағдайын асыра пайдаланушылығын айқындау және оның жолын кесу жөнiндегi, Белгiлi бiр тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген ұйымдардың баға түзу тәртiбiн бақылау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ |
2007-2008 жылдар 30 шілдеге,
|
8. |
Ішкі нарықтағы стратегиялық маңызды тауарлардың (мұнай, мұнай өнiмдерi, астық) тауарлық теңгерiмiнiң мониторингiн жүргiзу және iшкi нарықтың молығуын қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ЭМРМ (жинақтау), АШМ |
2007-2008 жылдар 30 шілдеге |
9. |
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сатып алудың тиiмдi жүйесiн әзiрлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
АШМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2007 жыл 30 шілдеге |
10. |
Шектес мемлекеттердiң жемiс-жидек өнiмдерiн жеткiзудi әртараптандыру |
ИСМ-ге ақпарат |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2007-2008 жылдар 10 сәуірге, 10 шілдеге, 10 қазанға,
|
11. |
Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде көтерме нарықтардағы бағалар айқындығын және оларды өңiрлердегi халықтың қолы жететiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету |
МАМ-ге ақпарат |
АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2007-2008 жылдар 10 сәуірге, 10 шілдеге, 10 қазанға,
|
12. |
Республиканың жергілікті атқарушы органдарының қызметiн рейтингтiк бағалау жүйесiнде инфляцияны ұстап тұру бөлiгiнде жүргiзілетiн жұмыс бойынша өңiрлердi бағалауды енгiзу және жүргiзу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ЭБЖМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2008-2009 жылдар 30 қаңтарға |
13. |
Бағалы қағаздар нарығын дамыту саласында және екiншi деңгейдегi банктердiң, жинақтаушы зейнетақы қорларының, жеке және заңды тұлғалардың капиталын салудың жаңа құралдарын жасауда ұсыныстар әзiрлеу |
ҚҚА-ға ақпарат |
ҰБ, ЭБЖМ, Қаржымині |
2008-2009 жылдар 10 қаңтарға |
14. |
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге жанар-жағармай материалдарының және көктемгі дала және егiн жинау жұмыстарын жүргізуге және өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң шығымдылығымен сапасын арттыруға қажеттi басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу |
AШM-гe ақпарат |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2007-2008 10 шілдеге,
|
15. |
Өнiм өндiрушiлер (импорттаушылар) мен тұтынушылар арасындағы делдалдар санын қысқарту жөнiнде қажеттi шаралар қабылдау |
ИСМ-ге ақпарат |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2007-2008 жылдар 10 сәуірге, 10 шілдеге, 10 қазанға,
|
16. |
Табиғи монополиялар субъектілерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне арналған тарифтік сметалардың орындалуы туралы есептердi қарау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ТМРА |
2007-2008 жылдар 30 шілдеге, 10 қазанға,
|
Ескертпе : аббревиатуралардың толық жазылуы
ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Қаржыминi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
AШM - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
ЭMPM - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi
TMPA - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгi