2007 жылғы 25-29 қаңтар кезеңiнде Алматы қаласында Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтiк комиссиясының (бұдан әрi - АТМЭӘК) даярлық миссиясымен АТМЭӘК-тiң 63-сессиясын ұйымдастыру мәселелерi бойынша кездесуiн ұйымдастыру мақсатында:
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi АТМЭӘК-тiң даярлық миссиясы мүшелерiнiң қонақ үйде тұруына, тамақтануына, көлiктiк, және тәулiктiк шығыстарына ақы төлеуге 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 4695444 (төрт миллион алты жүз тоқсан бес мың төрт жүз қырық төрт) теңге сомасында қаражат бөлсін.
Премьер-Министр