1. Тұрғын үй-коммуналдық саланы және ипотекалық кредит берудi дамытуда Сингапур Республикасының тәжiрибесiн қолдану мүмкiндiгiн зерделеу мақсатында мынадай құрамдағы жұмыс тобы құрылсын:
Тихонюк - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Николай Петрович сауда министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi
төрағасының орынбасары, жетекшi
Жексембаев - Қазақстан Республикасы Экономика және
Қуандық Аманжолұлы бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң
Салалық органдардың шығыстарын
жоспарлау департаментi директорының
орынбасары, жетекшiнiң орынбасары
Исенова - Қазақстан Республикасы Экономика және
Динара Олжабайқызы бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Салалық
органдардың шығыстарын жоспарлау
департаментiнiң өнеркәсiп, құрылыс, көлiк
және коммуникация басқармасы өнеркәсiп
және құрылыс бөлiмiнiң бастығы, хатшы
Өтеғұлов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Мәулен Амангелдіұлы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi
төрайымының орынбасары
Сағындықов - Қазақстан Республикасы Экономика және
Самат Алпысұлы бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
Инвестициялық саясат және жоспарлау
департаментiнiң директоры
Тоқсейiтова - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Гүлнәр Мүсiлiмқызы халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң
Зейнетақымен және әлеуметтiк
қамсыздандыру департаментi директорының
мiндетiн атқарушы
Бөбеев - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен
Мұхтар Сапарәлiұлы қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау
агенттiгiнiң Стратегия және талдау
департаментi директорының орынбасары
Хамзин - Қазақстан Республикасы Премьер-
Дастан Айтжанұлы Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және
инфрақұрылым бөлiмiнiң бас сарапшысы
2. Жұмыс тобы 2007 жылғы 15 наурызға дейiнгi мерзiмде Сингапур Республикасының тұрғын үй-коммуналдық саланы және ипотекалық кредит берудi дамыту жөнiндегi тәжiрибиесiн Қазақстан Республикасында қолданудың орындылығы туралы ұсыныстар әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi В.В. Супрунға жүктелсiн.
Премьер-Министр