Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері (бұдан әрі - БАӘ) арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту, Абу Даби әмірлігінің тақ мұрагері, БАӘ Қарулы Күштері Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын (бұдан әрі - сапар) 2007 жылғы 30 қараша - 1 желтоқсан кезеңінде Астана қаласында дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатыңда:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
қосымшаға сәйкес "1+10" форматы бойынша БАӘ делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2007 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан РеспубликасыӨҰлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) БАӘ делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Абу Даби әмірлігінің тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайында қонуын және одан ұшып шығуын;
Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.
6. Астана қаласының әкімдігі БАӘ делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды қамтамасыз етсін.
7. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 30 қарашадағы
N 360-ө өкіміне
қосымша
Біріккен Араб Әмірліктері делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары
1. Біріккен Араб Әмірліктері делегациясының мүшелерін (1+10 форматы бойынша) Астана қаласында орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін қонақ үйде орналастыру.
3. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
4. Делегация басшысы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
5. Біріккен Араб Әмірліктерінің ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру.
6. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтің атынан қабылдау ұйымдастыру.
7. Біріккен Араб Әмірліктері делегациясының мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.
8. Іс-шаралар өткізілетін жерлерде гүлмен көркемдеу.