Қазақстан Республикасында инфляциялық үдерістерді реттеу жөніндегі 2008 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 31 наурыздағы N 74-ө Өкімі

      Инфляцияға қарсы кешенді саясатты әзірлеу және іске асыру мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында инфляциялық үдерістерді реттеу жөніндегі 2008 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі жарты жылдың қорытындылары бойынша жылына екі рет 30 шілдеге және 30 қаңтарға Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Жоспардың іске асырылуы туралы есеп берсін.

      3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жарты жылдың қорытындылары бойынша жылына екі рет 10 тамызға және 10 ақпанға Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспардың іске асырылуы туралы ақпарат берсін.

      4. "Қазақстан Республикасында инфляциялық үдерістерді реттеу жөніндегі 2007 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы  N 370-ө  өкімінің күші жойылды деп танылсын.

       Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

                                             Қазақстан Республикасы
                                               Премьер-Министрінің
                                            2008 жылғы 31 наурыздағы
                                                 N 74-ө өкімімен
                                                   бекітілген

  Қазақстан Республикасында инфляциялық үдерістерді реттеу
жөніндегі 2008 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шара

Аяқтау
нысаны

Жауапты
орындау-
шылар

Орындау
мерзімі

1

Қазақстан Республикасын-
дағы инфляциялық үдеріс-
тердің мониторингін
жүргізу және инфляцияның
себептеріне талдау жасау

Үкіметке
ақпарат

ҰБ, ЭБЖМ,
ИСМ, АШМ,
ЭМРМ, ТМРА,
Қаржымині,
СА

Жарты жыл-
дың қоры-
тындылары
бойынша жыл
сайын 10
тамызға
және 10
ақпанға

2

Реттелетін субъектілердің
қызметі мен өнімнің
өзіндік құнына әсер
ететін сыртқы және ішкі
факторларды айқындай оты-
рып, олармен тығыз өзара
қарым-қатынас бойынша
нақты жұмыс жүргізуді
ескеріп, Мемлекеттік
органдар реттейтін
тарифтердің (бағалардың,
ставкалардың, алымдардың)
2008 - 2009 жылдарға
арналған деңгейін өзгерту
болжамдарын айқындау
жөнінде іс-шаралар
жоспарын әзірлеу

Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы
Премьер-
Минис-
трінің
өкімі

ТМРА

2008 жылға
тамыз

3

Мыналарды:
олардың елді мекендердің
шегінде тиімді орнала-
суын; жеміс-көкөніс өнім-
дерін сақтауға қажетті
жағдайларды қамтамасыз
етуін; тиісті инфрақұры-
лым жүргізуін ескере
отырып, Қосымша көтерме
(коммуналдық) базарлар
ұйымдастыру жөніндегі
іс-қимыл жоспарын әзірлеу

Құқықтық
акт

Облыстар-
дың, Астана
және Алматы
қалаларының
әкімдері

2008 жылғы
маусым

ИСМ-ге
ақпарат

Облыстар-
дың, Астана
және Алматы
қалаларының
әкімдері

Жарты жыл-
дың қоры-
тындылары
бойынша жыл
сайын 10
шілдеге
және 10
қаңтарға

4

Отандық ауыл шаруашылығы
өнімін өндірушілердің
сауда орындарына жеңіл-
дікті негізде тікелей
қолжетімдігін қамтамасыз
ете отырып және бұқаралық
ақпарат құралдарын тарта
отырып, апта сайынғы
(сенбі және жексенбі күн-
дері) жәрмеңкелер өткізу

ИСМ-ге
ақпарат

Облыстар-
дың, Астана
және Алматы
қалаларының
әкімдері

Тоқсан
сайын есеп-
ті кезеңнен
кейінгі
айдың 10-
күніне

5

Мыналарды:
республиканың оңтүстік
өңірлері мен жақын және
алыс шет елдерден жеміс-
көкөніс өнімдерін үнемі
жеткізуді;
сауда орындары үшін
алынатын жалдау ақыларын;
жеміс-көкөніс өнімдерін
сақтау мен сатуды
ұйымдастыруды;
қала мен аудан шегінде
орналасуын;
сауда орындарын жалдау
ақысын азайту арқылы
сатылатын сапалы өнімдер
бағасын азайтуды қамтама-
сыз ету жөніндегі қызмет-
ті ескере келе, коммунал-
дық базарлар қызметіне
және өңірлерде жәрмеңке-
лер өткізу тиімділігіне
талдау жасау

ЭБЖМ-ге
талдама-
лық есеп

ИСМ, облыс-
тардың,
Астана және
Алматы қа-
лаларының
әкімдері

Тоқсан
сайын есеп-
ті кезеңнен
кейінгі
айдың 10-
күніне

6

Сауда инфрақұрылымын
дамыту, соның ішінде жер
бөлу, жолдар мен
коммуникациялар жүргізу
жөніндегі іс-қимыл
жоспарларын әзірлеу

Құқықтық
акт

Облыстар-
дың, Астана
және Алматы
қалаларының
әкімдері

2008 жылғы
маусым

ИСМ-ге
ақпарат

Облыстар-
дың, Астана
және Алматы
қалаларының
әкімдері

Жарты жыл-
дың қоры-
тындылары
бойынша жыл
сайын 10
шілдеге
және 10
қаңтарға

7

Сауда инфрақұрылымын
дамыту жөніндегі іс-қимыл
жоспарларын іске асырудың
тиімділігіне талдау жасау

ЭБЖМ-ге
талдама-
лық есеп

ИСМ, облыс-
тардың,
Астана және
Алматы қа-
лаларының
әкімдері

Жарты жыл-
дың қоры-
тындылары
бойынша жыл
сайын 1
тамызға
және 1
ақпанға

8

Монополияға қарсы
заңнаманы бұзу фактілерін
анықтау және оның жолын
кесу әдістерін жетілдіру

Норматив-
тік
құқықтық
актінің
жобасы

БҚА

2008 жылғы
қараша

9

Бірінші кезекте талдауға
жататын базарлардағы
тауарларды (жұмыстарды,
қызметтерді) айқындау
тәртібін әзірлеу

Бірлескен
бұйрық

БҚА, АШМ,
ИСМ, ЭМРМ

2008 жылғы
сәуір

10

Елімізде 2008 - 2009 жыл-
дары жанар-жағармай баға-
сын тұрақтандыру мақса-
тында қабылданған шаралар
бойынша, оның ішінде:
елімізде мұнай өңдеудің
жылдық жоспарлары мен
мұнайды өңдеу зауыттары-
ның жоспарлы алдын алу
жұмыстарына тоқтау кесте-
лерін айқындау жөнінде;
маусымдық дала жұмыстарын
жүргізу кезеңінде ауыл
шаруашылығы тауарларын
өндірушілерге дизель оты-
нын жеткізуді айқындау
жөніндегі іс-шараларды
еске отырып, ақпарат беру

ЭБЖМ-ге
ақпарат

ЭМРМ, ИСМ,
АШМ, ЭБЖМ,
Қаржымині,
облыстар-
дың, Астана
және Алматы
қалаларының
әкімдері

Тоқсан
сайын,
есепті
тоқсаннан
кейінгі
айдың 10-
күніне

11

Ішкі нарықта бағалық
интервенцияларды жүзеге
асыру мақсатында мал
шаруашылығы өнімінің
ресурстарын қалыптастыру

ЭБЖМ-ге
ақпарат

АШМ, облыс-
тардың,
Астана және
Алматы
қалаларының
әкімдері,
"Қазагро"
ұлттық
холдингі" акционерлік
қоғамы

Жарты жыл-
дың қоры-
тындылары
бойынша жыл
сайын 20
шілдеге
және 20
қаңтарға

12

Тамшылап суару техноло-
гияларын енгізу және
көкөніс нарығын тұрақтан-
дыру мақсатында жылы жай
шаруашылығын дамыту

ЭБЖМ-ге
ақпарат

"Қазагро"
ұлттық
холдингі"
акционерлік
қоғамы

Жарты жыл-
дың қоры-
тындылары
бойынша жыл
сайын 20
шілдеге
және 20
қаңтарға

13

Өңірлік ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілердің
мүдделерін ескере отырып,
шектес мемлекеттерден
жеміс-кекөніс өнімдерін
жеткізуді әртараптандыру

ИСМ-ге
ақпарат

Облыстар-
дың, Астана
және Алматы
қалаларының
әкімдері

Жарты жыл-
дың қоры-
тындылары
бойынша жыл
сайын 10
шілдеге
және 10
қаңтарға

14

Шектес мемлекеттерден
жеміс-көкөніс өнімдерін
жеткізуді әртараптандыру
тиімділігіне талдау жасау

ЭБЖМ-ге
талдама-
лық есеп

ИСМ, облыс-
тардың,
Астана және
Алматы
қалаларының
әкімдері

Жарты жыл-
дың қоры-
тындылары
бойынша жыл
сайын 20
шілдеге
және 20
қаңтарға

15

Көтерме базарлардағы
бағаның ашықтығын және
олардың өңірлерде, мемле-
кеттік тапсырыс шеңберін-
де халық үшін қолжетімді
бұқаралық ақпарат құрал-
дарында үнемі жариялануын
қамтамасыз ету

ЭБЖМ-ге
ақпарат

АШМ, облыс-
тардың,
Астана және
Алматы
қалаларының
әкімдері

Тоқсан
сайын,
есепті
тоқсаннан
кейінгі
айдың 10-
күніне

16

Өсімдік шаруашылығы, мал
шаруашылығы өнімінің
өнімділігі мен сапасын
арттыруға, көктемгі-дала
және егін жинау жұмыста-
рын жүргізу үшін қажетті
жанар-жағармай материал-
дары мен басқа да тауар-
материалдық құндылықтар
құнын арзандатуға ауыл
шаруашылығы тауарларын
өндірушілерге субсидиялар
төлеу

ЭБЖМ-ге
ақпарат

АШМ, облыс-
тардың,
Астана және
Алматы
қалаларының
әкімдері

Жарты жыл-
дың қоры-
тындылары
бойынша жыл
сайын 20
шілдеге
және 20
қаңтарға

17

Ауыл шаруашылығы тауарла-
рын өндірушілерге ауыл
шаруашылығы өнімінің
бағасын тұрақтандыру
мәніне субсидиялар төлеу
тиімділігіне талдау жасау

ЭБЖМ-ге
талдама-
лық есеп

АШМ, облыс-
тардың,
Астана және
Алматы
қалаларының
әкімдері

Жарты жыл-
дың қоры-
тындылары
бойынша жыл
сайын 20
шілдеге
және 20
қаңтарға

18

Ұн және бидайдың
тұрақтандыру қорын тиімді
пайдалануға және құруға
талдау жүргізу

ЭБЖМ-ге
талдама-
лық есеп

АШМ,
"Қазагро"
ұлттық
холдингі"
акционерлік
қоғамы, об-
лыстардың,
Астана және
Алматы
қалаларының
әкімдері

Жарты жыл-
дың қоры-
тындылары
бойынша жыл
сайын 20
шілдеге
және 20
қаңтарға

19

Өнім өндірушілер
(импорттаушылар) мен
түпкілікті тұтынушылар
арасындағы делдалдар
санын қысқарту жөнінде
қажетті шаралар қабылдау

ИСМ-ге
ақпарат

Облыстар-
дың, Астана
және Алматы
қалаларының
әкімдері

Тоқсан
сайын,
есепті
тоқсаннан
кейінгі
айдың 10-
күніне

20

Өнім өндірушілер
(импорттаушылар) мен
түпкілікті тұтынушылар
арасындағы делдалдардың
санын қысқарту жөнінде
қажетті шаралар қабылдау
тиімділігіне талдау жасау

ЭБЖМ-ге
талдама-
лық есеп

ИСМ, облыс-
тардың,
Астана және
Алматы
қалаларының
әкімдері

Жарты жыл-
дың қоры-
тындылары
бойынша жыл
сайын 20
шілдеге
және 20
қаңтарға

21

Тұтыну нарығында және ел
экономикасының нақты
секторында, оның ішінде
облыстардың, Астана және
Алматы қалаларының
бөлінісінде бағаның
өзгеруі туралы статисти-
калық деректер дайындау

Орталық
және жер-
гілікті
атқарушы
орган-
дарға
ақпарат

СА

Ай сайын
есепті ай-
дан кейінгі
айдың 10-
күніне

22

Тамақ өнімдерінің негізгі
тауарлары мен мұнай
өнімдері бағасының апта
сайынғы мониторингі

АШМ-ге
ақпарат

"Қазагро"
ұлттық
холдингі"
акционерлік
қоғамы

Апта сайын,
есептіден
кейінгі
аптаның
екінші
күніне

Ескертпе аббревиатуралардың толық жазылуы
ҰБ        - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ИСМ       - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
            министрлігі
АШМ       - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭМРМ      - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
            ресурстар министрлігі
ЭБЖМ      - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
            жоспарлау министрлігі
БҚА       - Қазақстан Республикасы бәселестікті қорғау
            агенттігі
ТМРА      - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
            реттеу агенттігі
СА        - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

Об утверждении Плана мероприятий по регулированию инфляционных процессов в Республике Казахстан на 2008-2009 годы

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 31 марта 2008 года N 74-р

      В целях выработки и реализации комплексной антиинфляционной политики:

      1. Утвердить прилагаемый План мероприятий по регулированию инфляционных процессов в Республике Казахстан на 2008-2009 годы (далее - План).

      2. Центральным и местным исполнительным органам, Национальному Банку Республики Казахстан, Агентству Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций представлять в Министерство экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан отчет о реализации Плана два раза в год, к 30 июля и 30 января, по итогам полугодия.

      3. Министерству экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан представлять в Администрацию Президента Республики Казахстан, а также в Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан информацию о реализации Плана два раза в год, к 10 августа и 10 февраля, по итогам полугодия.

      4. Признать утратившим силу распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 29 декабря 2006 года N 370-р " Об утверждении Плана мероприятий по регулированию инфляционных процессов в Республике Казахстан на 2007-2008 годы ".

       Премьер-Министр                                     К. Масимов

Утвержден         
распоряжением       
Премьер-Министра     
Республики Казахстан    
от 31 марта 2008 года N 74-р 

  План мероприятий
по регулированию инфляционных процессов
в Республике Казахстан на 2008-2009 годы

      

N
п/п

Мероприятие

Форма
завершения

Ответственные
исполнители

Сроки
исполнения

1

2

3

4

5

1

Проведение
мониторинга
инфляционных
процессов и
анализа
причин
инфляции в
Республике
Казахстан

Информация в
Правительство

НБ, МЭБП, МИТ,
МСХ, МЭМР,
АРЕМ, МФ, АС

Ежегодно, к
10 августа и
10 февраля,
по итогам
полугодия

2

Разработка
Плана
мероприятий
по
определению
прогнозов
изменения
уровней
регулируемых
государст -
венными
органами
тарифов (цен,
ставок,
сборов) на
2008-2009
годы с учетом
проведения
конкретной
работы по
тесному
взаимодействию
с
регулируемыми
субъектами с
определением
внешних и
внутренних
факторов,
оказывающих
воздействие
на их
деятельность
и
себестоимость
продукции

Распоряжение
Премьер-Министра
Республики
Казахстан

АРЕМ

Август
2008 года

3

Разработка
Плана
действий по
организации
дополнительных
оптовых
(коммунальных)
рынков, с
учетом:
эффективного
их размещения
в черте
населенного
пункта;
обеспечения
необходимых
условий
хранения
плодоовощной
продукции;
подведения
соответствую-
щей
инфраструктуры

Правовой акт

Акимы областей,
городов Астаны
и Алматы

Июнь
2008 года

Информация в МИТ

Акимы областей,
городов Астаны
и Алматы

Ежегодно, к
10 июля и 10
января, по
итогам
полугодия

4

Проведение
еженедельных
(по субботам
и
воскресеньям)
ярмарок с
обеспечением
прямого
доступа
отечественным
производителям
сельскохозяй-
ственной
продукции к
торговым
местам на
льготной
основе и
привлечением
средств
массовой
информации

Информация в МИТ

Акимы областей,
городов Астаны
и Алматы

Ежеквартально,
к 10 числу
месяца,
следующего за
отчетным
периодом

5

Проведение
анализа
эффективности
деятельности
коммунальных
рынков и
проведения
ярмарок в
регионах с
учетом:
регулярных
поставок
плодоовощной
продукции из
южных
регионов
республики и
стран
ближнего и
дальнего
зарубежья;
взимаемых
арендных плат
за торговые
места;
организации
хранения и
реализации
плодоовощной
продукции;
месторасполо -
жения в черте
города и
района;
деятельности
по
обеспечению
снижения цен
на
качественную
торгуемую
продукцию
через
снижение
стоимости
аренды
торговых мест

Аналитический
отчет в МЭБП

МИТ,
акимы областей,
городов Астаны
и Алматы

Ежеквартально,
к 10 числу
месяца,
следующего за
отчетным
периодом

6

Разработка
планов
действий по
развитию
торговой
инфраструктуры, в том числе
выделения
земли,
проведения
дорог и
коммуникаций

Правовой акт

Акимы областей,
городов Астаны
и Алматы

Июнь
2008 года

Информация в МИТ

Акимы областей,
городов Астаны
и Алматы

Ежегодно, к
10 июня и 10
января, по
итогам
полугодия

7

Проведение
анализа
эффективности
реализации
планов
действий по
развитию
торговой
инфраструктуры

Аналитический
отчет в МЭБП

МИТ,
акимы областей,
городов Астаны
и Алматы

Ежегодно, к 1
августа и 1
февраля, по
итогам
полугодия

8

Совершенство-
вание методов
выявления и
пресечения
фактов
нарушений
антимонополь-
ного законода-
тельства

Проект
нормативного
правового акта

АЗК

Ноябрь
2008 года

9

Разработка
порядка
определения
товаров
(работ,
услуг), рынки
которых
подлежат
первоочеред-
ному анализу

Совместный
приказ

АЗК, МСХ, МИТ,
МЭМР

Апрель
2008 года

10

Представление
информации по
мерам,
принимаемым в
целях
стабилизации
цен на
горюче-
смазочные
материалы в
стране на
2008-2009
годы, в том
числе с
учетом
мероприятий:
по
определению
годовых
планов
переработки
нефти в
стране и
графиков
остановок
нефтеперераба-
тывающих
заводов на
планово-
предупреди-
тельные
работы; по
определению
поставок
дизельного
топлива
сельхозтоваро-
производителям
в период
проведения
сезонных
полевых работ

Информация в
МЭБП

МЭМР, МИТ, МСХ,
МЭБП, МФ, акимы
областей,
городов Астаны
и Алматы

Ежеквартально,
к 10 числу
месяца,
следующего за
отчетным
периодом

11

Формирование
ресурсов
животновод-
ческой
продукции в
целях
осуществления
ценовых
интервенций
на внутреннем
рынке

Информация в
МЭБП

МСХ, акимы
областей,
городов Астаны
и Алматы,
Акционерное
общество
"Национальный
холдинг
"КазАгро"

Ежегодно, к
20 июля и 20
января, по
итогам
полугодия

12

Внедрение
технологий
капельного
орошения и
развитие
тепличного
хозяйства в
целях
стабилизации
цен на рынке
овощей

Информация в
МЭБП

МСХ,
Акционерное
общество
"Национальный
холдинг
"КазАгро"

Ежегодно, к
20 июля и 20
января по
итогам
полугодия

13

Диверсификация
поставок
плодоовощной
продукции из
сопредельных
государств с
учетом
интересов
региональных
сельхоз-
товаропроизво-
дителей

Информация в
МИТ

Акимы областей,
городов Астаны
и Алматы

Ежегодно, к
10 июля и 10
января, по
итогам
полугодия

14

Проведение
анализа
эффективности
диверсификации
поставок
плодоовощной
продукции из
сопредельных
государств

Аналитический
отчет в МЭБП

МИТ, акимы
областей,
городов Астаны
и Алматы

Ежегодно, к
20 июля и 20
января, по
итогам
полугодия

15

Обеспечение
прозрачности
цен на
оптовых
рынках и их
регулярной
публикации в
доступных для
населения
средствах
массовой
информации в
регионах, в
рамках
государствен-
ного заказа

Информация в
МЭБП

МСХ, акимы
областей, 
городов Астаны
и Алматы

Ежеквартально,
к 10 числу
месяца, и
следующего за
Алматы
отчетным
кварталом

16

Выплата
субсидий
производителям
сельскохозяй-
ственной
продукции на
повышение
урожайности и
качества
продукции растениевод-
ства,
повышение
продуктивности
и качества
продукции
животноводства
, удешевление
стоимости
горюче-
смазочных
материалов и
других
товарно-
материальных
ценностей
необходимых
для
проведения
весенне-
полевых и
уборочных
работ

Информация в
МЭБП

МСХ, акимы
областей,
городов Астаны
и Алматы

Ежегодно, к
20 июля и 20
января, по
итогам
полугодия

17

Проведение
анализа
эффективности
выплаты
субсидий
сельскохозяй-
ственным
товаропроизво-
дителям на
предмет
стабилизации
цен
сельскохозяй-
ственной
продукции

Аналитический
отчет в МЭБП

МСХ, акимы
областей,
городов Астаны
и Алматы

Ежегодно, к
20 июля и 20
января, по
итогам
полугодия

18

Проведение
анализа
формирования
и
эффективности
использования
стабилизацион-
ных фондов
зерна и муки

Аналитический
отчет в МЭБП

МСХ,
Акционерное
общество
"Национальный
холдинг
"КазАгро",
Акимы областей,
городов Астаны
и Алматы

Ежегодно, к
20 июля и 20
января, по
итогам
полугодия

19

Принятие
необходимых
мер по
сокращению
числа
посредников
между
производителям
и
(импортерами)
продукции и
конечными
потребителями

Информация в
МИТ

Акимы областей,
городов Астаны
и Алматы

Ежеквартально,
к 10 числу
месяца,
следующего за
отчетным
кварталом

20

Проведение
анализа
эффективности
принятия
необходимых
мер по
сокращению
числа
посредников
между
производителя-
ми
(импортерами)
продукции и
конечными
потребителями

Аналитический
отчет в МЭБП

МИТ, акимы
областей,
городов Астаны
и Алматы

Ежегодно, к
20 июля и 20
января, по
итогам
полугодия

21

Подготовка
статистических
данных об
изменении цен
на
потребитель-
ском рынке и
в реальном
секторе
экономики
страны, в том
числе в
разрезе
областей,
городов
Астаны и
Алматы

Информация в
центральные и
местные
исполнительные
органы

АС

Ежемесячно, к
10 числу
месяца,
следующего за
отчетным

22

Еженедельный
мониторинг
цен основных
товаров
продуктов
питания и
нефтепродуктов

Информация в
МСХ

Акционерное
общество
"Национальный
холдинг
"КазАгро"

Еженедельно,
на второй
день недели
следующей за
отчетной

Примечание: расшифровка аббревиатур
НБ   - Национальный Банк Республики Казахстан
МИТ  - Министерство индустрии и торговли Республики Казахстан
МСХ  - Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан
МФ   - Министерство финансов Республики Казахстан
МЭМР - Министерство энергетики и минеральных ресурсов Республики
Казахстан
МЭБП - Министерство экономики и бюджетного планирования Республики
Казахстан
АЗК  - Агентство Республике Казахстан по защите конкуренции
АРЕМ - Агентство Республики Казахстан по регулированию естественных
монополий
АС   - Агентство Республики Казахстан по статистике