Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 15 шілдедегі N 189-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері (бұдан әрі - БАӘ) арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту және Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның Қазақстан Республикасына ресми сапарын 2008 жылғы 14 - 16 шілде кезеңінде Астана қаласында дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
      қосымшаға сәйкес "1+20" (өзара қағидаты бойынша) форматы бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінің делегация мүшелеріне қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      сапарды өткізуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыруды 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Біріккен Араб Әмірліктерінің ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайында қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.

      6. Астана қаласының әкімдігі Біріккен Араб Әмірліктерінің ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу мен шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды  және көшелерді безендіруді, баратын орындарға бірге баруды, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянды қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.

      8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2008 жылғы 15 шілдедегі
N 189-ө өкіміне    
қосымша        

  Біріккен Араб Әмірліктері ресми делегациясының мүшелеріне
қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Біріккен Араб Әмірліктерінің ресми делегация мүшелерін (1+20) форматы бойынша, бірге жүретін адамдарды Астана қаласындағы қонақ үйге орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.

      2. Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін қонақ үйге орналастыру.

      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.

      4. Делегация басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.

      5. Біріккен Араб Әмірліктерінің ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шәй дастарханын ұйымдастыру.

      6. Іс-шараларды өткізу орындарын гүлмен безендіру.

      7. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан Астана қаласында Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның құрметіне ресми қабылдау ұйымдастыру.

      8. Ресми делегацияның мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

      9. Алдыңғы топ мүшелерін 2008 жылғы 11 - 16 шілде кезеңінде автокөлікпен қамтамасыз ету.

О подготовке и проведении официального визита Президента Объединенных Арабских Эмиратов шейха Халифы бен Заид Аль Нахаяна в Республику Казахстан

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 15 июля 2008 года N 189-р

      В целях укрепления двустороннего сотрудничества между Республикой Казахстан и Объединенными Арабскими Эмиратами (далее - ОАЭ) и обеспечения протокольно-организационных мероприятий по подготовке и проведению официального визита Президента Объединенных Арабских Эмиратов шейха Халифы бен Заид Аль Нахаяна в Республику Казахстан в период с 14 по 16 июля 2008 года в городе Астане:

      1. Министерству иностранных дел Республики Казахстан обеспечить протокольно-организационные мероприятия по подготовке и проведению официального визита Президента Объединенных Арабских Эмиратов шейха Халифы бен Заид Аль Нахаяна в Республику Казахстан (далее - визит);

      2. Управлению Делами Президента Республики Казахстан (по согласованию):
      принять организационные меры по обслуживанию членов делегации Объединенных Арабских Эмиратов по формату "1+20" (по принципу взаимности) согласно приложению;

      обеспечить финансирование расходов на проведение визита за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2008 год по программе 001 "Обеспечение деятельности Главы государства, Премьер-Министра и других должностных лиц государственных органов" и 003 "Санитарно-эпидемиологическое благополучие населения на республиканском уровне".

      3. Министерству внутренних дел Республики Казахстан, Службе охраны Президента Республики Казахстан (по согласованию), Комитету национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию) обеспечить безопасность членов официальной делегации Объединенных Арабских Эмиратов в аэропорту города Астаны, в местах проживания и посещения, сопровождение по маршрутам следования, а также охрану специального самолета.

      4. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан в установленном порядке обеспечить:
      совместно с Министерством обороны Республики Казахстан пролет специального самолета Президента Объединенных Арабских Эмиратов шейха Халифы бен Заид Аль Нахаяна над территорией Республики Казахстан, посадку и вылет в аэропорту города Астаны;

      техническое обслуживание, стоянку и заправку специального самолета в аэропорту города Астаны.

      5. Министерству культуры и информации Республики Казахстан обеспечить освещение визита в средствах массовой информации, а также организовать концертную программу во время официального приема от имени Президента Республики Казахстан.

      6. Акимату города Астаны обеспечить выполнение организационных мероприятий по встрече и проводам делегации Объединенных Арабских Эмиратов в аэропорту города Астаны, оформлению аэропорта и улиц, сопровождению в местах посещения, а также организацию культурной программы.

      7. Республиканской гвардии Республики Казахстан (по согласованию) принять участие в официальных церемониях встречи и проводов Президента Объединенных Арабских Эмиратов шейха Халифы бен Заид Аль Нахаяна в аэропорту города Астаны.

      8. Контроль за реализацией настоящего распоряжения возложить на Министерство иностранных дел Республики Казахстан.

       Премьер-Министр                            К. Масимов

Приложение          
к распоряжению Премьер-Министра
Республики Казахстан     
от 15 июля 2008 года N 189-р

  Организационные меры по обслуживанию членов официальной
делегации Объединенных Арабских Эмиратов

      1. Размещение, питание и транспортное обслуживание членов официальной делегации Объединенных Арабских Эмиратов (по формату 1+20), сопровождающих лиц в гостинице в городе Астане.
      2. Размещение сотрудников Службы охраны Президента Республики Казахстан в гостинице.
      3. Изготовление печатной продукции (бейджи, программы визита, спецпропуска на автомобили, кувертные карты, пригласительные на прием).
      4. Приобретение подарков и сувениров для главы и членов делегации.
      5. Организация чайного стола в аэропорту города Астаны при встрече и проводах официальной делегации Объединенных Арабских Эмиратов.
      6. Цветочное оформление в местах проведения мероприятий.
      7. Организация официального приема от имени Президента Республики Казахстан Назарбаева Н.А. в честь Президента Объединенных Арабских Эмиратов шейха Халифы бен Заид Аль Нахаяна в городе Астана.
      8. Медицинское обслуживание членов официальной делегации и сопровождающих лиц.
      9. Обеспечить транспортом передовую группу на период с 11 по 16 июля 2008 года.