1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Бюджет
кодексін
іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тізбеге сәйкес белгіленген мерзімде:
1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және
Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) ведомстволық нормативтік құқықтық актілер қабылдасын.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевқа жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
N 292-ө өкімімен бекітілген
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру
мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2009.08.04. N 111-ө Өкімімен.
Р/с N |
Іс-шаралар |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушы |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ЭБЖМ |
2008 жылғы желтоқсан |
2 |
Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ЭБЖМ |
2009 жылғы қаңтар |
3 |
Мыналарды қамтитын Бюджеттің атқарылу және оларға кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы:
|
ҚР Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша) |
2009 жылғы қаңтар |
4 |
Білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
БҒМ |
2009 жылғы қаңтар |
5 |
Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2009 жылғы қаңтар |
6 |
Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлардың және мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
МАМ |
2009 жылғы қаңтар |
7 |
Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, бюджеттен артық (қате) төленген соманың қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржылық активтерін, сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2008 жылғы желтоқсан |
8 |
Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер бөлу үшін қаржы агенттіктерінің тізбесін бекіту туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2009 жылғы қаңтар |
9 |
Мыналарды қамтитын Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының мәселесі бойынша нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы: Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы жасау ережесі, Бірыңғай бюджеттік сыныптама, бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымы |
ҚР ЭБЖМ бұйрығы |
ЭБЖМ |
2008 жылғы желтоқсан |
10 |
Бюджетке түсетін түсімдерді бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы |
ҚР ЭБЖМ бұйрығы |
ЭБЖМ |
2008 жылғы желтоқсан |
11 |
Бюджетке түсетін түсімдерді болжамдау әдістемесін бекіту туралы |
ҚР ЭБЖМ бұйрығы |
ЭБЖМ |
2008 жылғы желтоқсан |
12 |
2009 жылға арналған мұнай секторы ұйымдарының тізбесін бекіту туралы |
ҚР Қаржымині мен ЭБЖМ бірлескен бұйрығы |
Қаржымині, ЭМРМ |
2008 жылғы желтоқсан |
13 |
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, бюджеттен артық (қате) төленген соманың қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржылық активтерін, сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы |
Әкімдіктердің қаулысы |
Жергілікті атқарушы органдар |
2009 жылғы қаңтар |
14 |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесін құру, оның құрамы және ол туралы ереже туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша) |
2009 жылғы қаңтар |
15 |
Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ЭБЖМ |
2009 жылғы қаңтар |
16 |
Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ЭБЖМ |
2009 жылғы ақпан |
17 |
"Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ЭБЖМ |
2009 жылғы сәуір |
18 |
Мемлекеттік тапсырысты әзірлеу және орындау ережесін бекіту туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ЭБЖМ |
2009 жылғы қаңтар |
19 |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп, материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат берілген қаржылық құралдар тізбесін бекіту туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша) |
2009 жылғы қаңтар |
20 |
"Ішкі бақылау қызметтерін құру рұқсат етілетін мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 931 қаулысының күші жойылды деп тану туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2009 жылғы қаңтар |
21 |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеге, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің штат санының лимиттеріне, мемлекеттік мекемелердің тізбесіне өзгерістер енгізу жөніндегі нормативтік құқықтық актіні бекіту туралы, сондай-ақ суда құтқару қызметтерін мүліктік кешен ретінде коммуналдық меншіктен республикалық меншікке беру |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ТЖМ |
2009 жылғы қаңтар |
22 |
Республикалық және жергілікті деңгейде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу тәртібін бекіту туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2009 жылғы қаңтар |
23 |
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы |
Есеп комитетінің қаулысы |
ЕК (келісім бойынша) |
2009 жылғы қаңтар |
24 |
Мыналарды қамтитын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және сараптамаға қойылатын талаптарды бекіту туралы:
|
ҚР ЭБЖМ бұйрығы |
ЭБЖМ |
2009 жылғы қаңтар |
25 |
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінің мазмұнына, әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ іріктеу тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы |
ҚР ЭБЖМ бұйрығы |
ЭБЖМ |
2009 жылғы қаңтар |
26 |
Концессия объектісінің құнын, концессия жобасын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы |
ҚР ЭБЖМ бұйрығы |
ЭБЖМ |
2009 жылғы қаңтар |
27 |
Бюджеттік кредиттерді тіркеу, есепке алу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы |
ҚР Қаржыминінің бұйрығы |
Қаржымині |
2009 жылғы қаңтар |
28 |
Мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы |
ҚР Қаржыминінің бұйрығы |
Қаржымині |
2009 жылғы қаңтар |
29 |
Бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы |
ҚР Қаржыминінің бұйрығы |
Қаржымині |
2009 жылғы қаңтар |
30 |
Бюджеттік мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы |
ҚР Қаржыминінің бұйрығы |
Қаржымині |
2009 жылғы қаңтар |
31 |
Ішкі бақылау қызметінің қызметкерлері үшін үлгі біліктілік талаптарын бекіту туралы |
ҚР Қаржыминінің бұйрығы |
Қаржымині |
2009 жылғы қаңтар |
32 |
Сараптамалық бөлімшенің тәуелсіз басшысы туралы ережені бекіту туралы |
ҚР Қоршағанортаминінің бұйрығы |
Қоршағанортамині, жергілікті атқарушы органдар |
2009 жылғы қаңтар |
33 |
Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ЭБЖМ |
2009 жылғы ақпан |
34 |
Бюджеттік өтінімді жасау және беру ережесін бекіту туралы |
ҚР ЭБЖМ бұйрығы |
ЭБЖМ |
2009 жылғы ақпан |
35 |
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2009 жылғы 1-тоқсан |
36 |
Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті жасау және беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ЭБЖМ |
2009 жылғы 1-тоқсан |
37 |
Нәтижелерге бағалау жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ЭБЖМ, Қаржымині, ЕК (келісім бойынша) |
2009 жылғы 1-тоқсан |
38 |
Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ЕК, Қаржымині (келісім бойынша) |
2009 жылғы 1-тоқсан |
39 |
Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінім беру ережесін бекіту туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ЭБЖМ |
2009 жылғы 1-тоқсан |
40 |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан үш жылдық кезеңге арналған кепілдік берілген трансферт мөлшерін анықтау ережесін бекіту туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ЭБЖМ, ҰБ (келісім бойынша) |
2009 жылғы 1-тоқсан |
41 |
Мемлекеттік қызмет көрсету тізілімін бекіту туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
МҚА |
2009 жылғы 1-тоқсан |
42 |
Мыналарды қамтитын бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау ережесін бекіту туралы:
|
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ЭБЖМ, Қаржымині, ИСМ |
2009 жылғы 1-тоқсан |
43 |
Мыналарды қамтитын концессиялық жобаларды ұсыну, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау ережесін бекіту туралы:
|
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ЭБЖМ Қаржымині |
2009 жылғы 1-тоқсан |
44 |
Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесін бекіту туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ИСМ, ЭБЖМ |
2009 жылғы 1-тоқсан |
45 |
Республикалық немесе жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру ережесін бекіту туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ЭБЖМ |
2009 жылғы 1-тоқсан |
46 |
Үкіметтік борыш лимитін және жергілікті атқарушы органның борышын, мемлекеттік кепілдіктер беру лимиттерін және мемлекеттің кепілгерліктерін айқындау ережесін бекіту туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ЭБЖМ |
2009 жылғы 1-тоқсан |
47 |
Есеп беру тәртібі мен мерзімін және нысанын айқындау ережесін, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды бекіту туралы |
ҚР ЭБЖМ және Қаржыминінің бірлескен бұйрығы |
ЭБЖМ, Қаржымині |
2009 жылғы 1-тоқсан |
48 |
Бюджеттік кредит берудің орындылығын анықтау ережесін бекіту туралы |
ҚР ЭБЖМ бұйрығы |
ЭБЖМ |
2009 жылғы 1-тоқсан |
49 |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы |
Жергілікті атқарушы органдардың қаулылары |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдері |
2009 жылғы 1-тоқсан |
50 |
Мәслихаттардың тексеру комиссиялары қызметкерлері үшін үлгі біліктілік талаптарын бекіту туралы |
Есеп комитетінің қаулысы |
ЕК (келісім бойынша) |
2009 жылғы наурыз |
51 |
Мәслихаттардың тексеру комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы |
Есеп комитетінің қаулысы |
ЕК (келісім бойынша) |
2009 жылғы наурыз |
52 |
Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы |
ҚР Президентінің Жарлығы |
Қазақстан Республикасы Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар |
2009 жылғы 3-тоқсан |
53 |
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
Орталық атқарушы органдар |
2009 жылғы 3-тоқсан |
54 |
Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы |
ҚР Қаржыминінің бұйрығы |
Қаржымині |
2009 жылғы қараша |
55 |
Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін бекіту туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ЭБЖМ |
2009 жылғы желтоқсан |
56 |
Есепке алу саясатын бекіту туралы |
ҚР Қаржыминінің бұйрығы |
Қаржымині |
2010 жылғы 4-тоқсан |
57 |
Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы |
ҚР Қаржыминінің бұйрығы |
Қаржымині |
2010 жылғы 4-тоқсан |
58 |
Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы |
ҚР Қаржыминінің бұйрығы |
Қаржымині |
2010 жылғы 4-тоқсан |
59 |
Қаржылық есептілікті жасау және ұсыну нысандары мен тәртібін бекіту туралы |
ҚР Қаржыминінің бұйрығы |
Қаржымині |
2010 жылғы 4-тоқсан |
60 |
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау ережесін бекіту туралы |
ҚР Қаржыминінің бұйрығы |
Қаржымині |
2010 жылғы 4-тоқсан |
61 |
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтітігінен басқаруды қалпына келтіруді көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ДСМ |
2009 жылғы қаңтар |
62 |
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ережеге өзгерістер енгізу жөніндегі нормативтік құқықтық актіні бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі штат санының лимиттері |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
Қоршағанортамині |
2009 жылғы қаңтар |
63 |
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасындағы қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді бөлу өлшемдерін бекіту туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
Қоршағанортамині |
2009 жылғы қаңтар |
Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚР - Қазақстан Республикасы
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
МҚА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі
ЕК - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитеті
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі