Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту, Чех Республикасының Премьер-Министрі Мирек Тополанектің 2009 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
1) қосымшаға сәйкес Чех Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне "1+5" форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2) сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Чех Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Чех Республикасының Премьер-Министрі Мирек Тополанектің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі атынан ресми түскі ас кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
6. Астана қаласының әкімдігі Чех Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, әуежай мен көшелердің безендірілуін, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында Чех Республикасының Премьер-Министрі Мирек Тополанекті қарсы алу/шығарып салу ресми салтанатына қатыссын.
8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 12 ақпандағы
N 25-ө өкіміне
қосымша
Чех Республикасының ресми делегациясы мүшелеріне қызмет
көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары
1. Чех Республикасының ресми делегациясы мүшелерін Астана қаласында "1+5" форматы бойынша қонақ үйге орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін Астана қаласында қонақ үйге орналастыру.
3. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
4. Чех Республикасының ресми делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
5. Чех Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде жұмыс делегациясын Астана қаласының әуежайында ВИП-зал арқылы өткізу, шай дастарханын ұйымдастыру.
6. Іс-шаралар өткізілетін орындарды гүлмен безендіру.
7. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің атынан Чех Республикасының Премьер-Министрі Мирек Тополанектің құрметіне Астана қаласында қабылдау ұйымдастыру.
8. Ресми делегация мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.