2009 жылғы 28 сәуірде Алматы қаласында өткізілетін Халықаралық Аралды құтқару қоры саммитін (одан әрі - ХАҚҚ саммиті) дайындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Ермекбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Нұрлан Байұзақұлы министрінің орынбасары, жетекші
Рябцев - Қазақстан Республикасы Ауыл
Анатолий Дмитриевич шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
жөніндегі комитетінің төрағасы,
басшының орынбасары
Сұлтанәли - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Гүлмира Хамидоллақызы министрлігі Орталық Азия
департаментінің басқарма бастығы, хатшы
Ибатуллин - Халықаралық Аралды құтқару қоры
Сағит Рахматоллаұлы Атқарушы Комитетінің төрағасы (келісім
бойынша)
Тұқымов - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Еркін Уалитханұлы министрлігі Орталық Азия
департаментінің директоры
Бертісбаев - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Несіпқұл Бертісбайұлы минералдық ресурстар министрлігі Электр
энергетикасы мен көмір өнеркәсібін
дамыту департаментінің директоры
Бекнияз - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Болат Қабыкенұлы қорғау министрлігі Экологиялық саясат
және орнықты даму департаментінің
директоры
Әбішев - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Айдар Жолбарысұлы министрінің кеңесшісі
Шабанова - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Людмила Владимировна қорғау министрлігінің "Қоршаған ортаны
қорғау ақпараттық-талдамалық орталығы"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас
директорының орынбасары
Уәлиев - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Әсет Әбілғазыұлы министрлігі Орталық Азия
департаментінің екіншісі хатшысы
2. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Үкіметіне ХАҚҚ саммитінің қорытындылары бойынша ұсыныстар енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов