Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын пысықтау мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Ахметов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Серік Нығметұлы орынбасары, жетекші
Баймағанбетов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Серік Нұртайұлы министрі, жетекшінің орынбасары
Сүлейменов - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Жанат Қуанышұлы министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес
және есірткі айналымын бақылау комитетінің
төрағасы, хатшы
Түсіпбеков - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Рашид Төлеутайұлы
Досқалиев - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Жақсылық Ақмырзаұлы министрі
Досмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Туризм және
Темірхан Мыңайдарұлы спорт министрі
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы ақпарат министрі
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Көлік және
Әбілғазы Қалиақпарұлы коммуникация министрі
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы бюджеттік жоспарлау министрі
Түймебаев - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Жансейіт Қансейітұлы министрі
Әбдіров - Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік
Нұрлан Мәжитұлы Кеңесі Хатшысының орынбасары -
Қауіпсіздік, Кеңесі Хатшылығының
меңгерушісі (келісім бойынша)
Шпекбаев - Қазақстан Республикасы Президентінің
Алик Жатқамбайұлы Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің
меңгерушісі (келісім бойынша)
Дауылбаев - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
Асхат Қайзоллаұлы орынбасары (келісім бойынша)
Білісбеков - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Нұрғали Дәулетбекұлы комитеті төрағасының орынбасары (келісім
бойынша)
Лукин - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Андрей Иванович қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттігі төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)
Кәрбозов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қозы-Көрпеш Жапарханұлы Кедендік бақылау комитетінің төрағасы
2. Жұмыс тобы бір ай мерзімде Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын пысықтасын.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |