Қазақстан Республикасының аумағында А (Н1N1) тұмауының пайда болуына және таралуына жол бермеу жөнінде уақтылы шаралар қабылдау мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында А (Н1N1) тұмауының пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.Н. Ахметовке жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 15 мамырдағы
N 70-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасында А (Н1N1) тұмауының пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с N |
Іс-шаралар |
Аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімдері |
Болжамды шығыстар* |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
А (Н1N1) тұмауымен науқастанған кездегі санитариялық-эпидемиологиялық мониторингілеу, ахуалды бағалау, халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру |
|||||
1 |
А (Н1N1) тұмауының таралуы және Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында науқастану жағдайлары бойынша ахуалды санитариялық-эпидемиологиялық мониторингілеуді қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ДСМ |
Ай сайын |
Талап етілмейді |
2 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы санитариялық-карантиндік пункттердің А (Н1N1) тұмауымен науқастанғанына күдік туған адамдарды уақтылы анықтау жөніндегі тиімді жұмысын қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы |
ДСМ |
2009 жылғы мамыр |
Талап етілмейді |
3 |
А (Н1N1) тұмауымен науқастанғанына күдік туған адамдарды шұғыл диагностикалауды қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ДСМ |
2009 жылғы мамыр |
- |
4 |
Медициналық ұйымдардың А (Н1N1) тұмауымен науқастанғандарға, оның ішінде халықтың жаппай науқастануы кезеңінде медициналық көмек көрсетуге дайындығын қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ДСМ |
2009 жылғы мамыр |
Талап етілмейді |
5 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің медициналық қызметкерлерін, қызметкерлерін, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған жеке қорғану құралдарымен (респираторлармен) қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ДСМ |
2009 жыл |
- |
6 |
Мемлекеттік медицина ұйымдарын А (Н1N1) тұмауының ошақтарын жою үшін дезинфекциялаушы құралдармен қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ДСМ |
2009 жыл |
- |
7 |
А (Н1N1) тұмауымен жаппай науқастану жағдайына халықтың 70%-ы үшін жеке қорғану құралдарының (медициналық 4 қабатты бетперде) қорын қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ДСМ |
2009 жыл |
- |
8 |
Ахуалды талдау және А (Н1N1) тұмауымен науқастану ошақтарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдау бойынша ведомствоаралық, оның ішінде халықаралық ұйымдардың және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің қатысуымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ДСМ, АШМ, ТЖМ, ІІМ, ККМ, Қаржымині, СІМ, ҰҚК (келісім бойынша) |
2009 жыл |
Талап етілмейді |
2. Эпизоотиялық мониторинг, ахуалды бағалау, ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру |
|||||
9 |
Олар мекендейтін жерлердегі түрлі жабайы фаунаны (жабайы қабандар) қоса алғанда, жеке ауладағы және шаруашылық жүргізуші субъектілердегі шошқа малының эпизоотиялық мониторингін ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
АШМ |
Ай сайын |
Талап етілмейді |
10 |
Шошқа малын ұстауды және оның қозғалысын шошқа шаруашылығының өнімдері мен шикізатын сатуды және сақтауды ветеринариялық бақылауды күшейту |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
АШМ |
2009 жылғы мамыр |
Талап етілмейді |
11 |
Жоғары патогенді құс тұмауының алдын алу және оған қарсы күрес шаралары бойынша іс-қимылды үйлестіретін облыстық және аудандық (қалалық) штабтарға Қазақстан Республикасының аумағына А (Н1N1) тұмауының әкелінуіне және таралуына жол бермеу жөніндегі ұқсас міндеттерді беру жолымен олардың жұмысын жандандыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
АШМ |
2009 жылғы мамыр |
Талап етілмейді |
12 |
А (Н1N1) тұмауының диагнозын қою бойынша ветеринариялық зертханалардың мамандарын даярлау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
АШМ |
2009 жылғы мамыр |
Талап етілмейді |
13 |
Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін шошқа малынан және шошқа шаруашылығы өнімдерінен биоматериалдар алуды және оны зерттеу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты" еншілес мемлекеттік кәсіпорнына жеткізуді ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
АШМ, БҒМ |
2009 жыл |
- |
14 |
Зертханалық зерттеулер үшін арнайы диагностикалық жиынтықтар сатып алу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
БҒМ, АШМ, ДСМ |
2009 жыл |
- |
15 |
Тұмаудың Қазақстан Республикасының аумағында айналып жүретін вирустарының геномды дәйектілігінің банкін құру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
БҒМ |
2009 жыл |
- |
3. Шектеу іс-шаралары |
|||||
16 |
Қазақстан Республикасының аумағына А (Н1N1) тұмауы бойынша қолайсыз елдерден етті және ет өнімдерін импорттауға байланысты шектеу енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
АШМ |
2009 жыл |
Талап етілмейді |
17 |
"Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі N 407 қаулысына толықтыру енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы |
АШМ |
2009 жылғы мамыр |
Талап етілмейді |
18 |
Ел аумағына А (Н1N1) тұмауы вирусының әкелінуін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында жолаушылар мен жүктерді санитариялық-карантиндік және ветеринариялық-санитариялық бақылауды күшейту |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ДСМ, АШМ, ККМ, Қаржымині, ҰҚК |
2009 жылғы мамыр |
Талап етілмейді |
19 |
Мемлекеттік шекараны кесіп өтетін жерлерде (халықаралық әуежайларда, темір жол және автомобиль өткелдерінде) шет елдерден келгендердің арасынан науқастанғандар анықталған жағдайда обсервациялық лагерьлерді орналастыруға арналған орындарды белгілеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ДСМ, ТЖМ, АШМ, ККМ, Қаржымині, жергілікті атқарушы органдар |
2009 жылғы мамыр |
Талап етілмейді |
20 |
Туристік фирмаларға халықтың А (Н1N1) тұмауымен науқастануы тіркелген елдерге туристердің сапарларын шектеуге өтінішпен үндеу тарату |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ТСМ |
2009 жылғы мамыр |
Талап етілмейді |
4. Халық арасындағы санитариялық-ағарту жұмысы |
|||||
21 |
Тұрғындар, мемлекеттік органдар үшін адамдардың науқастануы және жануарлардың ауруы анықталған жағдайда әрекет ету жөніндегі жадынама әзірлеу. Оларды көбейтуді және таратуды қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ДСМ, АШМ |
2009 жыл |
- |
22 |
Көліктік бақылау органдарының қызметкерлеріне А (Н1N1) тұмауының алдын алу және оның таралуын болдырмау шаралары жөнінде нұсқау беру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ДСМ, АШМ, ККМ |
Ай сайын |
Талап етілмейді |
23 |
Көліктік бақылау бекеттерінде Қазақстан Республикасының аумағында А (Н1N1) тұмауы індетінің алдын алу және таралу қаупін болдырмау бойынша тасымалдаушылар мен жолаушылар арасында түсіндіру жұмысы |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ККМ |
Ай сайын |
Талап етілмейді |
24 |
А (Н1N1) тұмауының таралуын болдырмау жөніндегі көрнекі үгіттеулерді орналастыруды ұйымдастыру, сондай-ақ жолаушыларға дауыс зорайтқыш байланыспен А (Н1N1) тұмауының алдын алу мәселелері жөнінде ақпарат беру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ККМ, жергілікті атқарушы органдар |
Ай сайын |
Талап етілмейді |
25 |
Халық арасында А (Н1N1) тұмауының пайда болуының алдын алу және оған жол бермеу мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жариялау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ |
Ай сайын |
Талап етілмейді |
Ескертпе:
1) *қаржыландыру адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнген жағдайлар туындаған кезде заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен жүзеге асырылатын болады.
2)
аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті