Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы В.В. Путиннің Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын дайындау және өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 20 мамырдағы N 74-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы (бұдан әрі - Ресей) арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту және 2009 жылғы 20 - 22 мамырда Астана қаласында Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Владимир Владимирович Путиннің Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2009 жылғы 20 - 22 мамырда Астана қаласында Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы В.В. Путиннің Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес Ресейдің ресми делегациясының мүшелеріне "1+6" (өзаралық қағидаты бойынша) форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Ресейдің ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы В.В. Путиннің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшуын;
      2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі:
      1) сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді;
      2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      6. Астана қаласының әкімдігі:
      1) Ресейдің ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөнінде ұйымдастыру іс-шараларын орындауды;
      2) Астана қаласының әуежайын және көшелерді безендіруді;
      3) баратын орындарда бірге жүруді;
      4) мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы В.В. Путинді қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
      8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2009 жылғы 20 мамырдағы
N 74-ө өкіміне    
қосымша        

Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелерін қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Ресейдің ресми делегациясының, мүшелерін 1+6 форматы бойынша және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласындағы қонақ үйге орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Делегация басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      4. Ресейдің ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру.
      5. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің атынан Астана қаласында Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы В.В. Путиннің құрметіне қабылдаулар (таңертеңгі, түскі және кешкі астар) ұйымдастыру.
      6. Іс-шаралар өткізетін орындарды гүлмен безендіру.
      7. Ресейдің ресми делегациясының мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
      8. Ресейдің ресми делегациясының мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

О подготовке и проведении рабочего визита Председателя Правительства Российской Федерации Путина В.В. в Республику Казахстан

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 20 мая 2009 года № 74-р

      В целях укрепления двустороннего сотрудничества между Республикой Казахстан и Российской Федерацией (далее - Россия) и обеспечения протокольно-организационных мероприятий по подготовке и проведению рабочего визита Председателя Правительства Российской Федерации Путина Владимира Владимировича в Республику Казахстан 20 - 22 мая 2009 года в городе Астане:
      1. Министерству иностранных дел Республики Казахстан обеспечить протокольно-организационные мероприятия по подготовке и проведению рабочего визита Председателя Правительства Российской Федерации Путина В.В. в Республику Казахстан 20 - 22 мая 2009 года в город Астану (далее - визит).
      2. Управлению делами Президента Республики Казахстан (по согласованию) принять организационные меры по обслуживанию членов официальной делегации России по формату "1+6" (по принципу взаимности), обеспечить финансирование расходов на проведение визита за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2009 год по программе 001 "Обеспечение деятельности Главы государства, Премьер-Министра и других должностных лиц государственных органов" и 003 "Санитарно-эпидемиологическое благополучие населения на республиканском уровне" согласно приложению.
      3. Министерству внутренних дел Республики Казахстан, Службе охраны Президента Республики Казахстан (по согласованию), Комитету национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию) обеспечить безопасность членов официальной делегации России в аэропорту города Астаны, в местах проживания и посещения, сопровождение по маршрутам следования, а также охрану специального самолета.
      4. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан в установленном порядке обеспечить:
      1) совместно с Министерством обороны Республики Казахстан пролет специального самолета Председателя Правительства Российской Федерации Путина В.В. над территорией Республики Казахстан, посадку и вылет в аэропорту города Астаны;
      2) техническое обслуживание, стоянку и заправку специального самолета в аэропорту города Астаны.
      5. Министерству культуры и информации Республики Казахстан обеспечить:
      1) освещение визита в средствах массовой информации;
      2) организацию концертной программы во время официального приема от имени Премьер-Министра Республики Казахстан.
      6. Акимату города Астаны обеспечить:
      1) выполнение организационных мероприятий по встрече и проводам официальной делегации России в аэропорту города Астаны;
      2) оформление аэропорта и улиц города Астаны;
      3) сопровождение в местах посещения;
      4) организацию культурной программы.
      7. Республиканской гвардии Республики Казахстан (по согласованию) принять участие в официальных церемониях встречи и проводов Председателя Правительства Российской Федерации Путина В.В. в аэропорту города Астаны.
      8. Контроль за реализацией настоящего распоряжения возложить на Министерство иностранных дел Республики Казахстан.

       Премьер-Министр                              К. Масимов

Приложение        
к распоряжению Премьер-Министра
Республики Казахстан    
от 20 мая 2009 года № 74-р 

Организационные меры по обеспечению и обслуживанию членов
официальной делегации Российской Федерации

      1. Размещение членов официальной делегации России по формату "1 +6" и сотрудников Службы охраны Президента Республики Казахстан в гостинице города Астаны.
      2. Изготовление печатной продукции (бейджи, программы визита, спецпропуска на автомобили, кувертные карты, пригласительные на прием).
      3. Приобретение подарков и сувениров для главы и членов делегации.
      4. Организация чайного стола в аэропорту города Астаны при встрече и проводах официальной делегации России.
      5. Организация приемов (завтраки, обеды и ужины) от имени Премьер-Министра Республики Казахстан Масимова К.К. в честь Председателя Правительства Российской Федерации Путина В.В. в городе Астане.
      6. Цветочное оформление в местах проведения мероприятий.
      7. Транспортное обслуживание членов официальной делегации России и сопровождающих лиц.
      8. Медицинское обслуживание членов официальной делегации России и сопровождающих лиц.