1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қала құрылысын жоспарлаған, жер учаскелерін бөлген, құрылысты жобалаған және салған кезде су қорғау және табиғат қорғау тәртібін сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 19 қазандағы
N 147-ө өкімімен
бекітілген
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қала құрылысын жоспарлаған, жер учаскелерін бөлген, құрылысты жобалаған және салған кезде су қорғау және табиғат қорғау тәртібін сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзім |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілеу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҚжТКШІА |
2009 жылғы қазан |
2. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қаңтардағы N 119 қаулысына толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2009 жылғы қазан |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚжТКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі