1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 2 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 174-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 2 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Аяқталу нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындалу мерзімі |
---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині |
2009 жылғы желтоқсан |
2 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині |
2009 жылғы желтоқсан |
3 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1247 қаулысынаөзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ТСМ |
2009 жылғы желтоқсан |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі