Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның ұстанымдарын жақсарту мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінің индикаторларын мемлекеттік органдарға бекітіп беру бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев «Халықаралық сауда» және «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторлары бойынша ведомствоаралық жұмыс топтарын құрсын.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 164-ө өкімімен
бекітілген
Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінің
индикаторларын мемлекеттік органдарға бекітіп беру
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 02.08.2013 № 126-ө өкімімен.
Р/с |
Индикатор |
Мемлекеттік орган |
Сараптама тобының жетекшісі |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Кәсіпорындар ашу |
Әділетмині |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы |
2 |
Меншікті тіркеу |
Әділетмині |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы |
3 |
Құрылысқа рұқсат алу |
ӨДМ |
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі |
4 |
Төлем қабілетсіздігін шешу |
Қаржымині |
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
5 |
Кредит алу: - кредит тарихының - мемлекеттік кредит тізілімін қамту индикаторы бойынша; - жеке кредит бюросын қамту индикаторы бойынша; - заңды құқықтық индексінің кепілсалымы туралы заңнама бойынша 8 құрауыш бойынша; |
ҰБ |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары |
- заңды құқықтар индексінің банкроттық туралы заңнама бойынша 2 құрауыш бойынша; |
Қаржымині |
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
|
6 |
Инвесторларды қорғау |
ҰБ |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары |
7 |
Халықаралық сауда |
ӨДМ, Қаржымині |
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
8 |
Салық салу |
Қаржымині |
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
9 |
Келісімшарттарды орындау |
Әділетмині, ЖС (келісім бойынша) |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы |
10 |
Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу |
ИЖТМ |
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі |
11 |
Қызметкердің құқықтарын қорғау |
Еңбекмині |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі