Испания Корольдігі Үкіметінің Төрағасы Хосе Луис Родригес Сапатероның Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 15 маусымдағы № 81-ө Өкімі

      Испания Корольдігі Үкіметінің Төрағасы Хосе Луис Родригес Сапатероның Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2011 жылғы 16 – 17 маусым кезеңінде Астана қаласында Испания Корольдігі Үкіметінің Төрағасы Хосе Луис Родригес Сапатероның Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+10» форматы бойынша Испания Корольдігінің ресми делегациясының мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2011 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету» және 003 «Халықтың республикалық деңгейдегі санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Испания Корольдігінің ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Испания Корольдігінің Үкіметі Төрағасының арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайында қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
      7. Астана қаласының әкімдігі Испания Корольдігінің ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарға бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қалаcының әуежайында Испания Корольдігі Үкіметінің Төрағасын қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
      9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2011 жылғы 15 маусымдағы
№ 81-ө өкіміне    
қосымша       

Испания Корольдігінің ресми делегациясы мүшелерін қамтамасыз
ету және оларға қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Испания Корольдігі ресми делегациясының мүшелерін (1+10 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласындағы қонақүйде орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Испания Корольдігінің ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлдермен безендіру.
      4. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың атынан Испания Корольдігі Үкіметінің Төрағасы Х.Л. Родригес Сапатероның құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі ас) ұйымдастыру.
      5. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімовтің атынан Испания Корольдігі Үкіметінің Төрағасы Х.Л. Сапатероның құрметіне қабылдау ұйымдастыру.
      6. Делегация басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      7. Іс-шараларды өткізу орындарын гүлмен безендіру.
      8. Ресми делегация басшысына, мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға Астана қаласында көліктік қызмет көрсету.
      9. Ресми делегацияның басшысына, мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

О подготовке и проведении официального визита Председателя Правительства Королевства Испания Хосе Луиса Родригеса Сапатеро в Республику Казахстан

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 15 июня 2011 года № 81-р

      В целях подготовки и проведения официального визита Председателя Правительства Королевства Испания Хосе Луиса Родригеса Сапатеро в Республику Казахстан:
      1. Министерству иностранных дел Республики Казахстан обеспечить протокольно-организационные мероприятия по подготовке и проведению официального визита Председателя Правительства Королевства Испания Хосе Луиса Родригеса Сапатеро в Республику Казахстан 16-17 июня 2011 года в городе Астана (далее - визит).
      2. Управлению делами Президента Республики Казахстан (по согласованию) принять организационные меры по обслуживанию членов официальной делегации Королевства Испания на высоком уровне по формату "1+10", обеспечить финансирование расходов на проведение визита за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2011 год по программам 001 "Обеспечение деятельности Главы государства, Премьер-Министра и других должностных лиц государственных органов" и 003 "Санитарно-эпидемиологическое благополучие населения на республиканском уровне" согласно приложению.
      3. Службе охраны Президента Республики Казахстан (по согласованию), Комитету национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию), Министерству внутренних дел Республики Казахстан обеспечить безопасность членов официальной делегации Королевства Испания в аэропорту города Астаны, в местах проживания и посещения, сопровождение по маршрутам следования, а также охрану специального самолета.
      4. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан в установленном порядке обеспечить:
      1) совместно с Министерством обороны Республики Казахстан пролет специального самолета Председателя Правительства Королевства Испания над территорией Республики Казахстан, посадку и вылет в аэропорту города Астаны;
      2) техническое обслуживание, стоянку и заправку специального самолета в аэропорту города Астаны.
      5. Министерству связи и информации Республики Казахстан обеспечить освещение визита в средствах массовой информации.
      6. Министерству культуры Республики Казахстан организовать концертную программу во время официального приема от имени Президента Республики Казахстан.
      7. Акимату города Астаны обеспечить выполнение организационных мероприятий по встрече и проводам официальной делегации Королевства Испания в аэропорту города Астаны, по оформлению аэропорта и улиц, по сопровождению в местах посещений, а также организацию культурных программ.
      8. Республиканской гвардии Республики Казахстан (по согласованию) принять участие в официальных церемониях встречи и проводов Председателя Правительства Королевства Испания в аэропорту города Астаны.
      9. Контроль за реализацией настоящего распоряжения возложить на Министерство иностранных дел Республики Казахстан.

      Премьер-Министр                            К.Масимов

Приложение          
к распоряжению Премьер-Министра
Республики Казахстан     
от 15 июня 2011 года № 81-р 

Организационные меры по обеспечению и обслуживанию членов
официальной делегации Королевства Испания

      1. Размещение членов официальной делегации Королевства Испания (по формату 1+10) и сотрудников Службы охраны Президента Республики Казахстан в гостинице города Астаны.
      2. Изготовление печатной продукции (бейджи, программы визита, спецпропуска на автомобили, кувертные карты, пригласительные на прием).
      3. Организация чайного стола и цветочного оформления в аэропорту города Астаны при встрече и проводах официальной делегации Королевства Испания.
      4. Организация приемов (завтраки, обеды, ужины) от имени Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева в честь Председателя Правительства Королевства Испания Х.Л.Родригеса Сапатеро.
      5. Организация приема от имени Премьер-Министра Республики Казахстан К.Масимова в честь Председателя Правительства Королевства Испания Х.Л.Сапатеро.
      6. Приобретение подарков и сувениров для главы и членов делегации.
      7. Цветочное оформление в местах проведения мероприятий.
      8. Транспортное обслуживание главы, членов официальной делегации и сопровождающих лиц в городе Астане.
      9. Медицинское обслуживание главы, членов официальной делегации и сопровождающих лиц.