2011-2015 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 86-ө Өкімі

      «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңына сәйкес жазғы каникул кезеңінде балалардың тұлғалық, әлеуметтік, дене бітімі жағынан, шығармашылық дамуы және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін:
      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi:
      1) жазғы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын қосымша бiлiм беру бағдарламаларын іске асыруға көзделген жергiлiктi бюджет қаражаты, демеушiлiк қаражат есебінен қамтамасыз етсін;
      2) балаларды сауықтыру ұйымдарын пайдалануға дайындау және қабылдау жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл комиссиясын қалыптастырсын;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қала сыртындағы балаларды сауықтыру ұйымдарының, жыл бойы жұмыс істейтін балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру, білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын, балаларды сауықтыру ұйымдарын мемлекеттік меншікке қайтару және қалпына келтіру мүмкіндігін қарасын;
      4) жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен, көп балалы отбасылар балаларының, мүгедек және даму мүмкiндiктерi шектеулі балалардың, экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын балалардың, жалпы білім беретін мектептердің үздік оқушыларын сауықтыру демалысын басым тәртіппен тегін қамтамасыз етсін;
      5) жалпы бiлiм беретін мектептердің, қосымша білім беру ұйымдарының жанындағы тамақтандыратын және тамақтандырмайтын күндiзгi уақыттағы лагерьлерде балалардың бос уақытын ұйымдастырсын;
      6) еңбек және демалыс лагерьлерiнде, мектеп орманшылығында, абаттандыру және көгалдандыру жасақтарында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес балалардың жұмыспен қамтылуын жүзеге асырсын;
      7) балаларды сауықтыру ұйымдарының өрт қауіпсіздігін, балалардың сауығу демалысы, бос уақыты мен жұмыспен қамтылуы кезінде судағы балалардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мыналарды:
      1) республиканың өңірлерінде балалар туризмі мен спортты дамытуды қамтамасыз етсін;
      2) спорттық-сауықтыру, туристік, спорттық-бұқаралық, бос уақыттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырсын;
      3) жазғы каникул кезеңінде туристік және спорттық ұйымдардың қызметін ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:
      1) балаларды сауықтыру ұйымдарына балаларды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етсін;
      2) балалардың жарақат алуының алдын алу және жол қозғалысының қауіпсіздігін насихаттау жөнінде профилактикалық шараларды көздесін;
      3) балалар құқық бұзушылықтарының, қылмыстарының профилактикасы, балалардың панасыз және қадағалаусыз қалуының алдын алу жөнінде іс-шаралар өткізсін.
      4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі:
      1) балаларды сауықтыру ұйымдарының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) балалардың өмірі мен денсаулығының және олардың судағы қауіпсіздігін, балаларды сауықтыру демалысы объектілерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар өткізуді ұйымдастырсын.
      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:
      1) балаларды сауықтыру ұйымдарының объектілері мен балаларды сауықтыру ұйымдарында тамақтандырудың ұйымдастырылуын санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз етсін;
      2) балаларға медициналық қызмет көрсетуге және олардың сауығуына денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіруді жүргізсін.
      6. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі:
      1) балаларды сауықтыру демалысын, бос уақыты мен жұмыспен қамтылуын дайындау мен өткізу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) республикалық және өңірлік телевизиялық арналарда балаларды сауықтыру демалысын, бос уақыты мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы арнайы хабарлар циклін және трансляциялауды дайындасын.
      7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2011 – 2015 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, бос уақыты мен жұмыспен қамтылуын жалпы үйлестіруді қамтамасыз етсін және жыл сайын 10 қазанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп берсін.
      8. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Об организации оздоровительного отдыха, досуга и занятости детей в период летних каникул на 2011 - 2015 годы

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 28 июня 2011 года № 86-р

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 8 августа 2002 года "О правах ребенка в Республике Казахстан" для личностного, социального, физического, творческого развития детей и профилактики правонарушений в период летних каникул:
      1. Акимам областей, городов Астаны и Алматы, Министерству образования и науки Республики Казахстана:
      1) обеспечить оздоровительный отдых, досуг и занятость детей в период летних каникул за счет средств местного бюджета, предусмотренных на реализацию программ дополнительного образования, спонсорских средств;
      2) сформировать комиссии межведомственного взаимодействия по подготовке и приемке к эксплуатации детских оздоровительных организаций;
      3) принять меры по организации деятельности загородных детских оздоровительных организаций, детских оздоровительных организаций круглогодичного действия, обеспечению квалифицированными кадрами, рассмотреть возможности возврата в государственную собственность и восстановления детских оздоровительных организаций в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      4) в приоритетном порядке бесплатно обеспечивать оздоровительный отдых детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, из малообеспеченных и многодетных семей, детей-инвалидов, с ограниченными возможностями в развитии, детей из экологически неблагоприятных районов, лучших учащихся общеобразовательных школ;
      5) организовать досуг детей в лагерях дневного пребывания с питанием и без питания при общеобразовательных школах, организациях дополнительного образования;
      6) осуществлять занятость детей в лагерях труда и отдыха, школьных лесничествах, отрядах по благоустройству и озеленению в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан;
      7) принять меры по обеспечению пожарной безопасности детских оздоровительных организаций, безопасности жизни и здоровья детей на водах во время оздоровительного отдыха, досуга и занятости детей.
      2. Министерству туризма и спорта Республики Казахстан совместно с местными исполнительными органами:
      1) обеспечить развитие детского туризма и спорта в регионах республики;
      2) организовать проведение спортивно-оздоровительных, туристических, спортивно-массовых, досуговых мероприятий;
      3) принять меры по организации деятельности туристских и спортивных организаций в период летних каникул.
      3. Министерству внутренних дел Республики Казахстан:
      1) обеспечить безопасность перевозки детей в детские оздоровительные организации;
      2) предусмотреть профилактические меры по предупреждению детского травматизма и пропаганду безопасности дорожного движения;
      3) проводить мероприятия по профилактике правонарушений, преступности, предупреждению беспризорности и безнадзорности детей.
      4. Министерству по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан:
      1) принять меры по обеспечению противопожарной безопасности детских оздоровительных организаций;
      2) организовать проведение мероприятий по обеспечению безопасности жизни и здоровья детей и безопасности их на водах, пожарной безопасности объектов детского оздоровительного отдыха.
      5. Министерству здравоохранения Республики Казахстан:
      1) обеспечить санитарно-эпидемиологический надзор за объектами детских оздоровительных организаций и организацией питания в детских оздоровительных организациях;
      2) проводить координацию деятельности организаций здравоохранения за медицинским обслуживанием и оздоровлением детей.
      6. Министерству связи и информации Республики Казахстан:
      1) обеспечить освещение в средствах массовой информации хода подготовки и проведения оздоровительного отдыха, досуга и занятости детей;
      2) подготовить цикл специальных передач и трансляцию на республиканских и региональных телевизионных каналах об организации оздоровительного отдыха, досуга и занятости детей.
      7. Министерству образования и науки Республики Казахстан обеспечить общую координацию оздоровительного отдыха, досуга и занятости детей в период летних каникул на 2011 - 2015 годы и представлять отчет в Правительство Республики Казахстан ежегодно к 10 октября.
      8. Контроль за исполнением настоящего распоряжения возложить на Министерство образования и науки Республики Казахстан.

      Премьер-Министр                            К. Масимов