Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы 3 желтоқсандағы № ЖТ-Ұж.-16763,1 Алматы қаласының тау бөктеріндегі аудандарында заңсыз құрылыс мәселелері бойынша тапсырмасын іске асыру мақсатында ұсыныстар әзірлеу үшін:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Раймбеков - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Каналбек Өтжанұлы басқару агенттігі төрағасының міндетін
атқарушы, жетекші
Досымбеков - Алматы облысы әкімінің орынбасары,
Тынышбай Досымбекұлы жетекшінің орынбасары
Төребеков - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Талғат Ысмайылұлы қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу
және бақылау комитеті Мемлекеттік
экологиялық бақылау басқармасының бас
сарапшысы, хатшы
Қали - Қазақстан Республикасы Бас
Азамат Болатұлы прокуратурасының Әлеуметтік-экономика
саласының заңдылығын қадағалау
департаменті бөлімінің аға прокуроры
(келісім бойынша)
Нұрпейісов - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Жарқын Бегешұлы министрінің кеңесшісі
Қойшыбаев - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Ерлан Мәлікұлы қорғау министрлігінің Балқаш-Алакөл
экология департаменті бастығының
орынбасары – Алматы облысы бойынша бас
мемлекеттік экологиялық инспектор
Мұхтаров - Қазақстан Республикасы Құрылыс және
Бақытжан Жаңабергенұлы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері
агенттігінің Алматы облысы бойынша
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және
лицензиялау департаментінің директоры
Бекмұхамбетов - Қазақстан Республикасы Құрылыс және
Серік Қиырбайұлы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері
агенттігінің «Мемсараптама»
республикалық мемлекеттік кәсіпорнының
Бас директорының орынбасары
Көшкімбаев - Алматы қаласы Жер қатынастары
Қуаныш Қалиұлы басқармасының бастығы.
2. Жұмыс тобы 2011 жылғы 21 желтоқсанға дейін Алматы қаласының бастамашыл тобының 2011 жылғы 21 қарашадағы ұжымдық өтінішінде көрсетілген мәселелерді жергілікті жерге барып зерделеп, Үкіметке Алматы қаласының тау бөктерінде заңсыз құрылыс мәселелері бойынша ұсыныстар енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов