1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 12 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:
1) тізбеде көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 3 ақпандағы
№ 24-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2012 жылғы 12 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Әділетмині |
2012 жылғы ақпан |
2. |
Құпия өнеркәсіптік меншік объектілерімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Әділетмині |
2012 жылғы ақпан |
3. |
Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өзгеге беру шартын тіркеу туралы өтініш нысанын бекіту туралы |
Бұйрық |
Әділетмині |
2012 жылғы ақпан |
4. |
Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды немесе сублицензиялық шарттарды тіркеу туралы өтініш нысанын бекіту туралы |
Бұйрық |
Әділетмині |
2012 жылғы ақпан |
5. |
«Апелляциялық кеңестің кейбір мәселелері туралы» Әділет министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 81 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
Бұйрық |
Әділетмині |
2012 жылғы ақпан |
6. |
Аттестациялық комиссияның шешімінің нысанын бекіту туралы |
Бұйрық |
Әділетмині |
2012 жылғы ақпан |
7. |
Апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы |
Бұйрық |
Әділетмині |
2012 жылғы ақпан |
8. |
Инновациялық патенттің және өнертабысқа патенттiң, пайдалы модель мен өнеркәсiптiк үлгiге патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту ережесін бекіту туралы |
Бұйрық |
Әділетмині |
2012 жылғы ақпан |
9. |
«Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың кейбір мәселелері» туралы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
Бұйрық |
Әділетмині |
2012 жылғы ақпан |
10. |
Қазақстан Республикасында тауар таңбасын (қызмет көрсету таңбасын) жалпыға бiрдей белгiлi деп тану жөнiндегi комиссия туралы ереженi бекіту туралы |
Бұйрық |
Әділетмині |
2012 жылғы ақпан |
11. |
«Авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
Бұйрық |
Әділетмині |
2012 жылғы ақпан |
12. |
Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тіркеуге берілетін өтініштің нысандарын, авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы |
Бұйрық |
Әділетмині |
2012 жылғы ақпан |
13. |
Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасының өнеркәсiптік үлгiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру ережесін бекіту туралы |
Бұйрық |
Әділетмині |
2012 жылғы ақпан |
14. |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы |
Бұйрық |
Әділетмині |
2012 жылғы ақпан |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі