1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 15 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актіні қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 4 сәуірдегі
№ 65-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 15
ақпандағы Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi
Р/с |
Нормативтiк құқықтық актiнiң атауы |
Акт нысаны |
Жауапты мемлекеттiк органдар |
Орындау мерзiмi |
1 |
Шартты түрде сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ІІМ (жинақтау), Еңбекмині, ДСМ |
2012 жылғы сәуір |
2 |
Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ІІМ (жинақтау), ККМ |
2012 жылғы сәуір |
3 |
Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнің күзетуі тиіс жеке тұлғалардың тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ІІМ |
2012 жылғы сәуір |
4 |
Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы |
ІІМ бұйрығы |
ІІМ |
2012 жылғы сәуір |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі