Алматы қаласында 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиаданы дайындау мен өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 86-ө өкімі

      Алматы қаласында 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиаданы сапалы дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Алматы қаласында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиаданың өткізілу күні – 2017 жылғы 28 қаңтар – 8 ақпан болып белгіленсін.
      2. Қоса беріліп отырған 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиаданы дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрамы бекітілсін.
      3. Алматы қаласының әкімдігі:
      1) Ұйымдастыру комитетінің жұмыс жоспарын дайындасын және 2012 жылғы 1 тамызға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) осы өкімді іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне жүктелсін.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2012 жылғы 25 сәуірдегі
№ 86-ө өкімімен   
бекітілген    

Алматы қаласында 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы
универсиаданы дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру
комитетінің құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
      Алматы қаласының әкімі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының студенттік спорт федерациясының президенті, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары, хатшы
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы
      Алматы қаласы әкімінің орынбасары
      Алматы қаласы әкімінің орынбасары
      Қазақстан Республикасы жоғары оку орындары қауымдастығының президенті (келісім бойынша)
      Алматы облысы өңірінің жоғары оқу орындары ректорлары кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры

О подготовке и проведении 28-й зимней Всемирной универсиады 2017 года в городе Алматы  

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 25 апреля 2012 года № 86-р

      В целях обеспечения качественной подготовки и проведения 28-й зимней Всемирной универсиады 2017 года в городе Алматы:
      1. Определить дату проведения 28-й зимней Всемирной универсиады в городе Алматы с 28 января по 8 февраля 2017 года.
      2. Утвердить прилагаемый состав Организационного комитета по подготовке и проведению 28-й зимней Всемирной универсиады 2017 года (далее - Организационный комитет).
      3. Акимату города Алматы:
      1) подготовить и внести в Правительство Республики Казахстан План работы Организационного комитета до 1 августа 2012 года;
      2) принять иные меры по реализации настоящего распоряжения.
      4. Контроль за реализацией настоящего распоряжения возложить на Министерство культуры и спорта Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 4 в редакции постановления Правительства РК от 04.09.2014 № 970.

      Премьер-Министр К. Масимов

Утвержден
распоряжением Премьер-Министра
Республики Казахстан
от 25 апреля 2012 года № 86-р

Состав
Организационного комитета по подготовке и проведению
28-й зимней Всемирной универсиады 2017 года в городе Алматы

      Сноска. Состав в редакции постановления Правительства РК от 04.09.2014 № 970.

      Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан, председатель аким города Алматы, заместитель председателя
      Министр образования и науки Республики Казахстан, заместитель председателя
      Министр культуры и спорта Республики Казахстан, заместитель председателя
      президент Национального олимпийского комитета Республики Казахстан, заместитель председателя (по согласованию)
      президент федерации студенческого спорта Республики Казахстан, заместитель председателя (по согласованию)
      заместитель председателя Комитета по делам спорта и физической культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан, секретарь
      Председатель Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию)
      Министр финансов Республики Казахстан
      Министр национальной экономики Республики Казахстан
      Министр здравоохранения и социального развития Республики Казахстан
      Министр по инвестициям и развитию Республики Казахстан
      Министр внутренних дел Республики Казахстан
      заместитель Министра иностранных дел Республики Казахстан
      председатель Комитета по делам спорта и физической культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан
      заместитель акима города Алматы
      заместитель акима города Алматы
      президент ассоциации высших учебных заведений Республики Казахстан (по согласованию)
      председатель совета ректоров вузов Алматинского региона, ректор республиканского государственного предприятия «Казахский национальный педагогический университет имени Абая» Министерства образования и науки Республики Казахстан