Елорданың әкімшілік шекаралары шегінде Есіл өзенінің гидрологиялық режимін жақсарту, сондай-ақ Астана қаласын ауыз сумен орнықты қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Ахметов |
- |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші |
Толыбаев |
- |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Шолпанқұлов |
- |
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Ескендіров |
- |
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі |
Мұхамбетов |
- |
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Крылов |
- |
Астана қаласы әкімінің орынбасары |
Айтмұхаметов |
- |
Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары |
Сайдуақасов |
- |
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының міндетін атқарушы |
Галиев |
- |
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары |
Шкарупа |
- |
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары. |
2. Жұмыс тобы бір ай мерзімде елорданың әкімшілік шекарасы шегінде Есіл өзенінің гидрологиялық режимін жақсарту және Астана қаласын ауыз сумен орнықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары С.Н. Ахметовке жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов