1. Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне техникалық реттеу және метрология мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi (бұдан әрi – тiзбе) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі:
1) тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының жобаларын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2012 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 161-ө өкiмiмен
бекiтiлген
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
техникалық реттеу және метрология мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан
Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңын iске асыру
мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық
актiлердiң тiзбесi
Р/с |
Нормативтiк құқықтық актiнiң атауы |
Актiнiң нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттiк орган |
Орындау мерзiмі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ |
2012 жылғы қыркүйек |
2. |
Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын құру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ |
2012 жылғы қыркүйек |
3. |
Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталық хабарламаларының нысанын, оларды толтыру және ұсыну ережесін бекіту туралы |
Бұйрық |
ИЖТМ |
2012 жылғы қыркүйек |
4. |
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу және оларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу ережесін бекіту туралы |
Бұйрық |
ИЖТМ |
2012 жылғы қыркүйек |
5. |
Сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру ережесін және оларды аттестаттау, оларға қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы |
Бұйрық |
ИЖТМ |
2012 жылғы қыркүйек |
6. |
Нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарын тарату және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы |
Бұйрық |
ИЖТМ |
2012 жылғы қыркүйек |
7. |
Өнімнің каталог парағының нысанын бекіту туралы |
Бұйрық |
ИЖТМ |
2012 жылғы қыркүйек |
8. |
Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар қызметтерiн жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы |
Бұйрық |
ИЖТМ |
2012 жылғы қыркүйек |
9. |
Салыстырып тексерiлетiн өлшем құралдары туралы деректердiң электрондық есебi және оларды мемлекеттiк ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы ережені бекiту туралы |
Бұйрық |
ИЖТМ |
2012 жылғы қыркүйек |
10. |
Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен қызметтерге арналған әскери стандарттардан басқа ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн әзiрлеу, келiсу, есепке алу, бекiту, сараптау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгiзу ережесiн бекiту туралы |
Бұйрық |
ИЖТМ |
2012 жылғы қыркүйек |
11. |
Оларды ұйым стандарттарында қолданудан басқа халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану ережесiн бекiту туралы |
Бұйрық |
ИЖТМ |
2012 жылғы қыркүйек |
12. |
Үкіметтік емес стандарттарды әзірлеу, консенсусын қамтамасыз ету, бекіту, есепке алу, тіркеу, белгілеу, өзгерту, күшін жою, өзекті ету, сақтау, басып шығару, тарату, әзірлеушінің авторлық құқықтарын сақтау және қолданысқа енгізу ережесiн бекiту туралы |
Бұйрық |
ИЖТМ Әділетмині |
2012 жылғы қыркүйек |
13. |
Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау ережесін бекіту туралы |
Бұйрық |
ИЖТМ |
2012 жылғы қыркүйек |
14. |
Ұйғарымдардың нысандарын бекіту және оларды беру тәртібі туралы |
Бұйрық |
ИЖТМ |
2012 жылғы қыркүйек |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлiгi
Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгi