1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке басты куәландыратын құжаттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 29 сәуірдегі
№ 72-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасының «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке басты куәландыратын құжаттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің тізбесі
Р/с № |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы |
СІМ |
2013 жылғы мамыр |
2 |
Қазақстан Республикасының азаматы паспортының үлгісін, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және босқынның куәлігін ресiмдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ІІМ |
2013 жылғы мамыр |
3. |
Қайтаруға куәлікті және қайтаруға куәліктің үлгілерін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын және оны қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
СІМ |
2013 жылғы мамыр |
4. |
Туу туралы куәлікті ресiмдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Әділетмині |
2013 жылғы мамыр |
5 |
Қазақстан Республикасы теңiзшiсінің жеке куәлігінің үлгісін және теңiзшiнің жеке куәлігі үлгісін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын және оны қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ККМ |
2013 жылғы мамыр |
6. |
Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адам куәлігінің және босқын куәлігінің үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ІІМ |
2013 жылғы мамыр |
7. |
Қазақстан Республикасы дипломатиялық және қызметтік паспорттарының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
СІМ |
2013 жылғы мамыр |
8. |
Туу туралы куәліктің үлгісін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Әділетмині |
2013 жылғы мамыр |
9. |
«Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау, жүргiзу және пайдалану ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 343 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ІІМ |
2013 жылғы мамыр |
10. |
«Сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру ережесiн, Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкiлдiктердiң), сондай-ақ дара кәсiпкерлердiң сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру және бұрын берiлген құжаттарын қайта ресiмдеу үшiн өтiнiш жасау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 406 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ІІМ |
2013 жылғы мамыр |
11. |
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ІІМ |
2013 жылғы мамыр |
12. |
Босқынның жол жүру құжаты үлгісін бекіту туралы |
бұйрық |
ІІМ |
2013 жылғы мамыр |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі