Астана қаласын тұрақты сумен қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды дайындау мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Сағынтаев |
– |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші |
Қаппаров |
– |
Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі, жетекшінің орынбасары |
Тасмағамбетов |
– |
Астана қаласының әкімі, жетекшінің орынбасары |
Коваль |
– |
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгі Табиғи ресурстар департаментiнің директоры, хатшы |
Нысанбаев |
– |
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрiнің міндетін атқарушы |
Жақсылықов |
– |
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi |
Өмірияев |
– |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Бекнияз |
– |
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгінің Су ресурстары комитетi төрағасының міндетін атқарушы |
Надырбаев |
– |
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары |
Сманқұлов |
– |
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары |
Әкімов |
– |
Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары |
Ыдырысов |
– |
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары |
Әшімбетов |
– |
Павлодар облысы әкімінің орынбасары |
Крылов |
– |
Астана қаласы әкімінің орынбасары |
Қажығалиев |
– |
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгі Су ресурстары комитетiнің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қаныш Сәтпаев атындағы каналдың бас инженері |
Рябцев |
– |
«Казгипроводхоз институты» өндiрiстiк кооперативiнің директоры (келісім бойынша) |
2. Жұмыс тобы 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде Астана қаласын тұрақты сумен қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлесін және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.
Премьер-Министр С. Ахметов