Иордания Хашимит Корольдігінің Королі Абдалла II бен әл-Хусейннің 2014 жылғы 19-20 маусымда Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+5» форматы бойынша немесе өзаралық қағидатына сәйкес Иордания Хашимит Корольдігінің ресми делегациясы мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2014 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер», 003 «Республикалық деңгейдегі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Жекелеген азаматтар санатына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Иордания Хашимит Корольдігінің ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Иордания Хашимит Корольдігінің Королі Абдалла II бен әл-Хусейннің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайында қонуын және одан ұшып шығуын;
2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан Иордания Хашимит Королі Абдалла II бен әл-Хусейннің құрметіне берілетін қабылдау (бейресми қабылдау) кезінде концерттік бағдарламалар ұйымдастыруды және іс-шараларға қажетті техникалық қолдау көрсетуді (дыбыстық, жарықтық қамтамасыз ету және сахнаны безендіру) қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.
7. Астана қаласының әкімдігі Иордания Хашимит Корольдігінің ресми делегациясын әуежайда қарсы aлу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарға бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
8. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (келісім бойынша) Иордания Хашимит Королі Абдалла II бен әл-Хусейнді қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
9. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Иордания Хашимит Корольдігінің ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу жеке шығарып салу кезінде тиісті жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.
10. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2014 жылғы 19 маусымдағы
№ 91-ө өкіміне
қосымша
Иордания Хашимит Корольдігі ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары
1. Иордания Хашимит Корольдігі делегациясының мүшелерін («1+5» форматы немесе өзаралық қағидаты бойынша) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласының қонақүйлеріне орналастыру.
2. Баспа өнімдерін (бейдждер, флоутерлер, сапардың бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсаттама, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
3. Иордания Хашимит Корольдігінің ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлмен безендіру.
4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан Иордания Хашимит Корольдігінің Королі Абдалла ІІ бен әл-Хусейннің құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі ас), бейресми қабылдаулар, сондай-ақ техникалық үстелдер ұйымдастыру.
5. Иордания Хашимит Корольдігінің ресми делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
6. Техникалық қамтамасыз ету, іс-шаралар өтетін орындарды гүлмен және тақырыптық безендіру.
7. Иордания Хашимит Корольдігінің ресми делегациясының басшысы мен мүшелеріне, сондай-ақ оларға еріп жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
8. Иордания Хашимит Корольдігінің ресми делегациясының басшысы мен мүшелеріне, сондай-ақ, оларға еріп жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.
9. Астана қаласында екіжақты келіссөздер мен қабылдаулар өткізу үшін залдарды жалға алу.